Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 5 Жедел-iздестiру қызметi туралы 1994 жылғы 15 қыркүйектегі № 154-XIII Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жедел-iздестiру қызметi туралы
5-бап. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру кезiнде жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау

1. Осы Заңмен көзделмеген мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу үшiн жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыруға, сондай-ақ оларды жүргiзу барысында алынған хабарламаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның iс-әрекетi жөнiнде жоғары тұрған органға, не прокуратураға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

3. Қылмысты әзiрледi немесе жасады деген кiнәсi заңмен белгiленген тәртiпте дәлелденбеген адам жедел-iздестiру қызметiн жүргiзушi органнан мемлекеттiк немесе басқа да заңмен қорғалатын құпияны жария етуге жол бермейтiн шекте өзiн тексеру үшiн негiз болған және өзiне қатысы бар хабарламалардың сипаты туралы мағлұматтарды талап етуге құқылы.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органның арызданушыға қажеттi мағлұматтарды беруден бас тартуы туралы шешiмiн негiзсiз деп таныған ретте, сот өзiнiң дәлелдi шешімімен, ал прокурор прокурорлық қадағалау тәртібімен аталған органды осы баптың 3-тармағында көзделген мағлұматтарды арызданушыға беруге мiндеттей алады.

4. Шағымды толық және жан-жақты қарауды қамтамасыз ету мақсатында прокурордың талап етуі бойынша, құпия көмекшілердің және штаттағы жасырын қызметкерлердің жеке басы туралы мәліметтерді қоспағанда, барлық жедел-қызметтiк құжаттар берiледi.

Судьяның талап етуі бойынша, жедел-іздестіру қызметін, нақты жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру, ақпарат көздері және оны алу тәсілдері туралы мәліметтерді қоспағанда, жедел-іздестіру құжаттары беріледі.

5. Жедел-іздестіру қызметі нәтижесінде алынған, адамның жеке өміріне, ар-ожданы мен қадір-қасиетіне қатысты мәліметтер, егер оларда заңмен тыйым салынған іс-әрекеттер жасағаны туралы ақпарат болмаса, сақталуға жатпайды және жойылады.

Қылмыс жасады деген кінәсі заңда белгіленген тәртіппен дәлелденбеген, сондай-ақ өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген адамдарға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде алынған материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап бір жыл сақталады, содан соң жойылады. Өздеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталмаған адамдардың телефон арқылы және өзге де сөйлесулерін тыңдау нәтижесінде алынған фонограммалар мен басқа да материалдар тиісті жедел есепке алу ісі тоқтатылған кезден бастап алты ай ішінде жойылады, ол жөнінде хаттама жасалады. Прокурордың санкциясы негізінде жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін көрсететін материалдар жойылатын күннен үш ай бұрын ол жөнінде тиісті прокурор хабардар етіледі.

Барлау қызметі процесінде, сондай-ақ экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл саласында алынған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерін сақтау мен жоюдың тәртібі және мерзімдері ведомстволық нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.

Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 187-IV, 2010.05.27 № 279-IV; 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.11.2014 N 244-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...3 4 5 6 7 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться