Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы
11-бап. Ішкі істер министрлігінің құзыреті

Ішкі істер министрлігі: 

1) Қазақстан Республикасындағы криминогендік ахуалдың жай-күйін және даму үрдістерін талдайды, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлейді және қабылдайды; 

2) жол жүрісі қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 

3) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 

4) есiрткiнің, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, олардың заңсыз айналымына және олардың терiс пайдалануына қарсы іс-қимылды қамтамасыз етеді; 

5) азаматтық, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 

5-1) қылмыстық-атқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді; 

6) ішкі істер органдары жүйесіндегі біртұтас мемлекеттік кадр саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді; 

7) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады; 

8) мемлекеттiк күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектiлердi күзетудi ұйымдастырады; 

9) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерді және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметін мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады; 

10) арнаулы және әскери тасымалдарды ұйымдастырады; 

11) ішкі істер органдарындағы лицензия-рұқсат беру қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады; 

12) ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінің, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі органдары мен мекемелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады; 

13) ұстап алынғандарды, күзетпен ұсталатындарды, қамаққа алынғандарды және сотталғандарды күзетуді және айдауылдауды бақылауды қамтамасыз етеді; 

14) iшкi iстер органдарының жүйесi үшiн, оның ішінде халықаралық шарттар негізінде шет елдерде кадрлар даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастырады; 

15) ішкі істер органдары жүйесінде ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастырады; 

16) ішкі істер органдарының өз қауіпсіздігін ұйымдастырады және жүзеге асырады; 

17) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ұйымдастырады және ішкі істер органдарында құпиялылық режимiнiң сақталуын ведомстволық бақылауды жүзеге асырады; 

18) ішкі істер органдары жүйесінде кинологиялық қызметті дамытуды ұйымдастырады; 

19) ішкі істер органдарында іс жүргізудің және мұрағаттық істі ұйымдастырудың біртұтас мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді; 

20) ішкі істер органдарының қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады; 

21) ішкі істер органдары жүйесін құқықтық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, сотта, өзге де мемлекеттік органдарда ішкі істер органдарының мүдделерін қорғауды үйлестіреді және қамтамасыз етеді; 

22) ішкі істер органдары қызметін ақпараттық тұрғыдан қолдауды қамтамасыз етеді; 

23) ішкі істер органдары жүйесіндегі жұмылдыру даярлығын жоспарлауды, ұйымдастыруды және оған басшылық жасауды жүзеге асырады, жүктелген жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстарының орындалуын қамтамасыз етеді; 

24) мыналарды: 

Ішкі істер министрлігі туралы ережені; 

жол жүрісі қағидаларын, көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалармен боялуға жататын жедел және арнаулы қызметтердің тізбесін; 

Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру тәртібін; 

есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорларды әкелу, әкету, транзиттеу қағидаларын; 

жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомостволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалану қағидаларын; 

25) мыналарды: 

құрылымдар мен штаттарды, оның ішінде үлгілік құрылымдар мен штаттарды, штаттық нормативтерді, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің жүктеме нормативтерiн; 

лауазымдар номенклатурасын, ішкі істер органдарындағы лауазымдар санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын; 

Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволар, Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты аумақтық органдар мен ұйымдар туралы ережелерді; 

азаматтық пиротехникалық заттарды және олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу, сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету қағидаларын; 

атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашу және олардың жұмыс істеу қағидаларын; 

есірткі заттарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы объектілерді және үй-жайларды пайдалану қағидаларын; 

қылмыстық жазалауды және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөнінде жергілікті атқарушы органдар жанындағы консультациялық-кеңесші орган туралы үлгілік ережені; 

жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын; 

жекеше күзет ұйымының күзетшісі құжатының нысаны мен үлгісін; 

жекеше күзет ұйымында күзетші лауазымын атқаратын жұмыскерлерге нысанды киім үлгісі мен оны киіп жүру тәртібін. 

аумақтық ішкі істер органдары жанындағы консультативтік-кеңесші органдар туралы үлгілік ережені; 

ішкі істер органдарының білім беру ұйымдары қызметінің қағидаларын; 

жоғары білімнің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын; 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламаларын іске асыратын Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаларын; 

ішкі істер органдары білім беру ұйымдарының түлектерін бөлу қағидаларын; 

ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін беру, жоғарылату, растау, төмендету және алып тастау қағидаларын; 

ішкі істер органдары жүйесінде ұйымдық-штаттық іс-шаралар жүргізу қағидаларын; 

ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұратын адамдарды профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын; 

алып қойылған, ерікті түрде тапсырылған, тауып алынған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш материалдарды ішкі істер органдарында қабылдау, есепке алу, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету қағидаларын; 

учаскелік полиция инспекторларын тағайындау қағидаларын; 

ішкі істер органдары мамандандырылған күзет бөлімшелерінің қызмет атқаруын ұйымдастыру қағидаларын; 

ішкі істер органдарындағы жедел-криминалистикалық қызметті жүзеге асыру қағидаларын; 

ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын; 

ведомстволық және жедел есепке алуды құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын; 

жалпы және арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу тактикасы қағидаларын; 

ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құру, пайдалану және жетілдіру қағидаларын; 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес қылмыстық-атқару қызметі саласындағы қағидаларды және нұсқаулықтарды; 

жол жүру құжатының үлгілерін; 

Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 

Қазақстан Республикасының аумағында жүрген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін анықтау жөніндегі қағидаларды; 

азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сынаудың криминалистік талаптары мен әдістері, азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдардың криминалистік талаптарға сәйкестігіне қорытындылар беру қағидалары; 

көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын; 

терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын әзірлейді және бекітеді; 

26) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 

26-1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 

27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 № 388-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 405-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9‑1 10 11 12 13 ...25

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться