Ст. 6 Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы
6-бап. Ішкі істер органдарының өкілеттіктері
1. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде:
1) адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауға;
2) оқиға туралы, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштерді немесе хабарламаларды қабылдауға, тіркеуге және қарауға, заңнамада белгіленген тәртіппен өтініш берушіге қабылданған шешім туралы хабар беруге;
3) құқыққа қарсы қолсұғушылықтан, оқиғалардан және жазатайым жағдайлардан зардап шеккен, сондай-ақ өздерінің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті дәрменсiз не өзге де күйдегі жеке тұлғаларға көмек көрсетуге;
4) құқық бұзушылық профилактикасының жалпы, арнаулы және жеке шараларын жүзеге асыруға;
5) патрульдеуді жүзеге асыруға;
6) жол жүрісі қағидаларының және жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жататын өзге де нормативтердің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, жол жүрісін реттеуге;
7) жүргізуші куәліктерін беруді, көлік құралдарын сәйкестендіру нөмірі бойынша мемлекеттік тіркеуді және оларды есепке алуды жүзеге асыруға;
8) әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға;
9) қоғамдық орындарда адамның қадiр-қасиетi мен қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде жүрген адамдарды медициналық ұйымдарға немесе ішкі істер органдарына жеткiзуге;
10) сот шешімімен тағайындалған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларынан жалтарып жүрген адамдарды іздеуді жүзеге асыруға, оларды ұстауға және арнаулы медициналық мекемелерге жеткізуге;
11) үш жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған қадағалаусыз қалған балаларды, сондай-ақ ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;
12) көпшілік іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды қамтамасыз етуге;
13) жаппай тәртіпсіздіктің, топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуге;
14) алып тасталды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
15) күзет қызметімен, күзет дабылы құралдарын монтаждаумен, баптаумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілерге және жекеше күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын қызметкерлерді даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтары қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
16) мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзетуді жүзеге асыруға;
17) мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерде өткізу режимін қамтамасыз ету кезінде адамдарды, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеріп қарауды жүргізуге;
18) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін және паспортын, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат, азаматтығы жоқ адамның куәлігін беруге, жеке сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыруға және Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізуге;
19) азаматтық материалдарын ресімдеуді қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының азаматтығы болуын (болмауын) айқындауға;
20) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды, оларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды, Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеуді жүзеге асыруға;
21) заңсыз көшіп келудің жолын кесу, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу бойынша шаралар қолдануға, олардың Қазақстан Республикасына келу, кету, болу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүру қағидаларын сақтауын бақылауға;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүзеге асыруға;
23) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге арналған визаларды, Қазақстан Республикасында уақытша болуға және тұрақты тұруға арналған рұқсаттарды беруге;
24) жол жүру құжатын беруді жүзеге асыруға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
25) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25) жеке және заңды тұлғалардың азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдар, есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар айналымының белгіленген қағидаларын сақтауын бақылауды тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыруға;
26) мыналарды:
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарының бірлі-жарым данасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге;
заңды тұлғаларға:
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының криминалистік талаптарға сәйкес келуіне;
азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге қорытындылар;
мыналарға:
жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын иемденуге, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
заңды тұлғаларға:
азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алуға, сақтауға;
азаматтық қару мен оның патрондарын сатып алуға, сақтауға, сақтау мен алып жүруге, тасымалдауға;
атыс тирлері (атыс орындары) мен стендтерін ашуға және олардың жұмыс істеуіне;
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге рұқсаттар беруге;
27) табылған жарылғыш материалдарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш құрылғыларды зарарсыздандыру және жою жөнінде шаралар қолдануға;
28) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының, ішкі істер органдарының объектілерін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-3-бабында көрсетілген күзетілетін объектілер (бұдан әрі – күзетілетін объектілер) мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бөлігіндегі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға;
28-1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлімдері мен мекемелерінің, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары объектілерінің паспорттарын, сондай-ақ күзетілетін объектілер мен Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің паспорттарын қоспағанда, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу паспорттарын келісуге, есепке алуды жүргізуге, сақтауға және (немесе) жоюға;
29) терроризмге қарсы операциялар мен күзет іс-шараларын жүргізуге қатысуға;
30) қылмыстық құқық бұзушылықтарды, оның ішінде жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу арқылы анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға;
31) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасайтын адамдарды ұстауға;
32) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға, оларды жоюға бағытталған шаралар қолдануға;
33) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыруға;
34) анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден, сот шешімін орындаудан жалтарып жүрген, хабарсыз кеткен адамдарды іздестіруді жүргізуге;
35) сот актілерін, судьялардың талаптарын, прокурордың қаулыларын, нұсқамаларын және талаптарын, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеушiнiң, анықтаушының жазбаша тапсырмаларын орындауға;
36) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуда сот орындаушыларына көмек көрсетуге;
37) мемлекеттік қорғалуға жататын адамдардың өмірі мен денсаулығын және олардың мүлкін қорғау мақсатында қауіпсіздік шараларын қолдануға;
38) адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстауға, оларды күзету мен айдауылдауды қамтамасыз етуге;
39) сотталғандарға қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындауға, жазаларды өтеу тәртібі мен шарттарының сақталуын, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
39-1) Жіті байқау жасалатын мамандандырылған типтегі мемлекеттік психиатриялық мекемені күзетуді Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп айқындайтын тәртіпке сәйкес қамтамасыз етуге;
40) ішкі істер органдарының қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде және арнаулы мекемелерінде ұсталатын адамдардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын және денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге;
41) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдардан өздеріне заңмен және сотпен жүктелген міндеттерді орындауды талап етуге;
42) қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге;
43) өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
44) мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi қорғауды және құпиялылық режимiнiң сақталуына ведомстволық бақылауды қамтамасыз етуге;
45) ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге;
46) дербес деректерді қорғауды қамтамасыз етуге;
47) Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының және ішкі істер органдарының қызметі туралы өзге де деректі материалдардың жинақталуын, сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз етуге, жеке және заңды тұлғаларға мұрағаттық анықтамалар беруге;
48) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның сұрау салуы бойынша өздерінің ақпараттық жүйелерінен мәліметтер ұсынуға;
49) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органның сұрау салулары бойынша заңда белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған немесе оларға қатысты оңалту рәсімі қолданылған борышкерлерге қатысты меншікке қарсы қылмыстар бойынша қозғалған, іс жүргізуде жатқан қылмыстық істер жөніндегі мәліметтерді ұсынуға;
50) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыруға;
51) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
2. Ішкі істер органдарының өз құзыреті шегінде:
1) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды, құқыққа қайшы әрекеттерді тоқтатуды талап етуге, сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған жерде немесе терроризмге қарсы операция жүргізіліп жатқан аймақта тергеу іс-шараларын жүргізу уақытында ішкі істер органдарының қызметкерлерін өз қызметтік міндеттерін атқаруы кезінде жеке тұлғалардың фотосуретке және бейнежазбаға түсіруіне тыйым салуға, бұл талаптарды орындамаған жағдайда тиісті мәжбүрлеу шараларын қолдануға;
2) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ орындалуын бақылау iшкi iстер органдарына жүктелген, белгiленген қағидалардың сақталуын тексеруге қажеттi басқа да құжаттарды тексеруге;
3) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін iс жүргізуде жатқан материалдар мен iстер бойынша iшкi iстер органдарына шақыруға, олардан түсінік және айғақтар, құжаттар, олардың көшiрмелерiн алуға, ал, келмеген кезде белгіленген тәртіппен күштеп келтіруге;
4) меншік нысандарына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларынан немесе өзге де лауазымды адамдарынан олардың "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мәліметтер сұратуға;
5) күзет қызметі субъектілерінен олардың "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптарды орындауы туралы мәліметтер сұратуға;
6) жеке және заңды тұлғаларға қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою туралы орындалуы міндетті ұйғарымдар, ұсынымдар енгізуге;
7) ішкі істер органдарына жүктелген міндеттерді іске асыру үшін азаматтармен жария және жария емес негізде ынтымақтастық орнатуға;
8) қоғамдық тәртіпті сақтауда ерекше көзге түскен азаматтарды көтермелеуге;
9) қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделер мен наразылық танытудың заңсыз нысандарының жолын кесуге;
10) психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактiсiн және масаң күйде болғанын анықтау үшін адамдарға куәландыру жүргiзуге, ал, мүмкін болмаған жағдайда – куәландыру үшін медициналық мекемелерге жеткізуге;
11) көлік құралдарын тоқтатуға және тексеріп қарауға, адамдарды көлік құралдарын басқарудан шеттетуге, көлік құралдарын пайдалануға тыйым салуға, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға;
12) төтенше жағдайлардың салдарын жою, терроризмге қарсы операцияны, күзету, көпшілік, карантиндік іс-шараларын өткізу, іздеу салуда жүрген адамдарды ұстау, кепілге алынғандарды босату, қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасады деп күдік келтірілген адамдардың ізіне түсу, жарылғыш заттар, оқ-дәрілер және жарғыш құрылғылар, улы және радиоактивті заттар табылғандығы туралы мәліметтерді тексеру, жаппай тәртіпсіздіктің және жеке тұлғалардың қауіпсіздігіне, инфрақұрылым объектілерінің тыныс-тiршiлiгіне қауіп төндіретін, қоғамдық тәртіпті бұзатын өзге де топтасқан әрекеттердің жолын кесу кезінде жергілікті жер учаскелерін қоршауға алуды жүргізуге;
13) күзетілетін, көпшілік іс-шаралар өткізілетін орындарға кіру (келу) кезінде жеке тұлғаларды, олардың заттарын, көлік құралдарын және өткізілетін жүктерді тексеріп қарауды, оның ішінде техникалық құралдарды пайдаланып тексеріп қарауды жүргізуге, олар өткізілетін орындарға тыйым салынған нәрселер мен заттары бар адамдар мен көлік құралдарын кіргізбеуге;
14) жедел-профилактикалық, іздестіру және өзге де арнаулы іс-шараларды өткізу кезінде бақылау-өткізу пункттерін орнатуға;
15) карантиндік, санитариялық-эпидемияға қарсы және табиғатты қорғау іс-шараларына қатысуға;
16) алып тасталды – ҚР 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдік келтірілген адамның ізіне түсу, оқиға орнына бару, төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылған кезеңде, қарулы қақтығыс жағдайында, төтенше жағдайларды жою кезінде, сондай-ақ меншік иелеріне материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен оның орнын толтыра отырып, егер кiдiрту адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіруі мүмкін болатын болса, жедел медициналық көмекке мұқтаж адамдарды медицина ұйымдарына жеткiзу үшiн көліктің кез келген түрін (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардың көлік құралдарынан басқа) пайдалануға;
18) азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын, олардың негізгі құраушы бөліктерін, азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлейтін, өндіретін, жөндейтін, сақтайтын, пайдаланатын, жоятын, сататын, коллекциялайтын және экспонаттайтын орындарға тексерулер жүргізуге;
19) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтардың жасалу фактілерін және ішкі істер органдары қызметкерлерінің әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдалануға;
20) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдарды ұстау жөнінде іс-шаралар жүргізуге;
21) жеке тұлғаларды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына жеткізуге;
22) қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған әскери қызметшілерді ұстауға және оларды әскери полиция органдарына, әскери бөлімдер командирлеріне немесе жергілікті әскери басқару органдарының бастықтарына тапсыруға;
23) қаруды, оқ-дәрілерді, есірткіні, психотроптық заттар мен прекурсорларды, сондай-ақ өзге де тыйым салынған нәрселер мен заттарды алып қоюға;
24) қылмыскерлер мен ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған адамдарды, ұйымдасқан қылмыстық топтар (қауымдастықтар) мүшелерін табу, оқшаулау, залалсыздандыру және ұстау, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату жөнінде арнаулы операциялар жүргізуге;
25) жеке адамдардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған деп күдік келтірілген, қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын орындаудан және өтеуден жалтарып жүрген адамдардың ізіне түсу кезінде не сол жерде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасалды немесе жасалуда, жазатайым оқиға болды деп санау үшiн жеткiлiктi мәлiметтер болған кезде, дүлей зілзалалар, апаттар, авариялар, эпидемиялар, эпизоотиялар және жаппай тәртiпсiздiктер кезiнде жеке адамдардың жеке басының қауiпсiздiгi мен қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету үшiн тұрғын және өзге де үй-жайларға, аумақтарға және жер учаскелерiне (дипломатиялық иммунитетi бар шет мемлекеттер өкiлдiктерi мен халықаралық ұйымдардан басқа) кедергiсiз кiруге, оларды қарап тексеруге;
25-1) ішкі істер органдарының есебінде тұрған адамдарды байқауды және бақылауды қамтамасыз ету, электрондық бақылау құралдарының болуы мен тұтастығын тексеру мақсатында олар тұратын тұрғын үй-жайларға, аумақтар мен жер учаскелеріне (дипломатиялық иммунитеті бар шет мемлекеттер өкілдіктері мен халықаралық ұйымдардан басқа), олардың жұмыс немесе оқу орны бойынша кез келген меншік нысандарына қарамастан, ұйымдардың өндірістік және өзге де үй-жайларына кедергісіз кіруге;
26) егер жеке тұлғалардың тұрғын жайларда, жергілікті жердің белгілі бір учаскелерінде болуы адамның өмірі мен денсаулығына, меншік объектілеріне қатер төндіретін болса, ұйымдардың жұмысын бұзса, көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің жүрісіне кедергі келтіретін болса, сондай-ақ жедел-іздестіру іс-шараларын, тергеу амалдары мен көпшілік іс-шараларды жүргізген жағдайларда олардың сол жерлерге кіруін немесе онда болуын шектеуге, оған уақытша тыйым салуға;
27) жасырын ұйымдарды, үй-жайларды, көлік құралдарын, қызметкерлердің жеке басын және олардың ведомстволық тиесілігін шифрлау үшін басқа мемлекеттік органдардың және ұйымдардың құжаттарын пайдалануға;
28) ғылыми-техникалық және өзге де зерттеулер жүргізуге;
29) ведомстволық және жедел есептерге алуды құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
30) күдіктілерді, айыпталушыларды, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқан, ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұсталатын, профилактикалық есепке алынған адамдарды криминалистік есепке қою үшін суретке түсiруге, дактилоскопия жасауға, дыбыс жазбасын, кино- және бейне түсiрiлiмiн жүргізуге, биологиялық, одорологиялық және басқа да үлгілерді алуға;
31) ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық және телекоммуникациялық желілерді, байланыс желілерін құруға, пайдалануға және жетілдіруге;
32) әкімшілік немесе қылмыстық заңнаманың күші қолданылатын іс-әрекеттер жасаған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесi мекемесiне iргелес аумақта ұстауға және iшкi icтep органдарына жеткізуге, оларды жеке тексеріп қарауды жүзеге асыруға;
33) қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағындағы және режимдiк талаптар белгiленген оған iргелес аумақтағы адамдарды, олардың заттарын, көлiк құралдарын тексеріп қарауды жүргiзуге, сондай-ақ тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленетiн тыйым салынған заттар мен құжаттарды алып қоюға;
34) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарды психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде болғанын анықтау тұрғысынан куәландыру үшін медициналық ұйымдарға жеткізуге;
35) көлік құралдарының жүрісін уақытша шектеуге немесе оған тыйым салуға, азаматтарды қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына және оған iргелес аумаққа кіргізбеуге немесе ерекше жағдайлар режимiн енгiзу кезiнде оларды сонда қалуға не сол жерден кетуге мiндеттеуге;
36) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық және діни бірлестіктерді қылмыстық-атқару жүйесі қызметіне тартуға;
37) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға;
38) ішкі істер органдарының қызметін жария ету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын тартуға;
39) ішкі істер органдарының әуе кемелеріне өтеусіз аэронавигациялық қызмет көрсетуге;
40) дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асыруға;
41) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Ішкі істер органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілері және жұмыскерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзған жағдайда, ішкі істер органдары бұл құқықтарды қалпына келтіруге, келтірілген залалдың орнын толтыруға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кінәлілердің жауаптылыққа тартылуын қамтамасыз етуге міндетті.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 208-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2021 № 58-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-тарау. ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.
С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?
Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.
Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.
Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.
Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?
Заранее спасибо.
в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите
Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма
Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей