Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 23 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
23-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерiнiң құқықтық режимi

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері орналасқан өзге де санаттардағы жерлердің жер учаскелері Қазақстан халқына тиесілі және иеліктен шығаруға жатпайды. Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Бұл ретте мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстан халқының мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі арқылы іске асырылады. 

2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін алып қоюға жол берілмейді. 

Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен: 

1) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін және қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салу, жайластыру, олардың жұмыс істеуі үшін; 

2) ықтимал орналастырудың басқа жолдары болмаған кезде ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылысжайларын салу және олардың жұмыс істеуі үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана;  

3) осы Заңның 84-2-бабының 1-тармағына сәйкес пайдалы қатты қазбаларды (кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда) өндіру үшін және шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленген жер учаскелерін ғана; 

4) туризм объектілеріне инженерлік инфрақұрылым (жолдар, электр беру желілері, құбыржолдар) салу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша босалқы жерге ауыстыру жағдайларын қоспағанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін ауыстыруға жол берілмейді. 

Барлауға арналған келісімшарт немесе барлауға арналған лицензия бойынша барлау не геологиялық бөлу учаскесі шегінде орналасқан жер қойнауы учаскесінде ресурстары мен қорлары Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес пайдалы қатты қазбалардың ресурстары мен қорларын бағалау туралы есеппен расталған пайдалы қатты қазбалар кен орнының табылуы пайдалы қатты қазбаларды өндіру үшін осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыруға негіз болып табылады.  

Осы тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін пайдалы қатты қазбаларды өндіру мақсаттары үшін ауыстырған кезде: 

1) жер қойнауын пайдаланушының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде орман дақылдарын өтемдік отырғызу, сондай-ақ жұмыстар аяқталғаннан кейін пайдалы қатты қазбаларды өндіру учаскесінің құнарлы қабатын қалпына келтіруді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді қабылдауы; 

2) экологиялық әсер етуге бағалау жүргізу; 

3) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының болуы; 

4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар орналасқан елді мекендерде бұқаралық ақпарат құралдарында жазып-көрсете отырып, кең ауқымда қоғамдық тыңдаулар өткізу өндіру жөніндегі операцияларды жүргізудің басталу шарттары болып табылады. 

Бұл ретте жер учаскесін үшінші тұлғаларға немесе кепілге беруге жол берілмейді. 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың босалқы жерге ауыстырылған жері, егер оларды босалқы жерге ауыстыру туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде олар жердің басқа санаттарына ауыстырылмаған болса, қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстырылады. Босалқы жерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және: 

1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша – уәкілетті органның облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің; 

2) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ бойынша –уәкілетті орган ведомствосының ұсынысы бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімі болған кезде жүзеге асырылады. 

Босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жеріне ауыстыру Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. 

2-1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар осы Заңда көзделген тәртіппен және шарттарда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін. 

2-2. Шөп шабуға және мал жаюға болатын, шектеулі шаруашылық қызмет аймағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақ учаскелері
Қазақстан Республикасының Орман кодексінде белгіленген тәртіппен шөп шабу және мал жаю үшін қысқа мерзімді пайдалануға берілуі мүмкін. 

3. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерiнде олардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтiн кез келген қызметке тыйым салынады. 

Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.01 N 94-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.20 N 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.02.2017 № 48-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...21 22 23 24 25 ...85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться