Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 38 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы
38-бап. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты

1. Табиғат қорғау мекемелерiнiң қаражаты олардың қызмет бағыты мен күзет режимiнiң түрлерiне байланысты олардың негiзгi қызметiне жатпайтын мынадай тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) өткiзу: 

1) жеке және заңды тұлғалар табиғи кешендердi туристiк және рекреациялық мақсаттарда пайдалануы кезiнде оларға ақылы қызметтер көрсету, соның iшiнде: 

туристiк соқпақтар, тамашалау алаңдарын, демалу алаңқайларын, көлiк тұрақтарын, кемпингтер, шатырлы лагерьлер немесе оларды орналастыратын орындар; қонақ үйлер, мотельдер, туристiк базалар, қоғамдық тамақтандыру, сауда және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқаруындағы басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер немесе оларды орналастыратын орындар беру; ерекше қорғалатын табиғи аумақта құбырлар, электр қуатын беру және байланыс желiлерiн, жолдарды салу және орналастыру жөнiнде қызметтер көрсету; туристiк құрал-жабдықтар беру; 

әуесқойлық (спорттық) балық аулауды жүргізу; 

мемлекеттiк табиғи-қорық қоры, табиғи және тарихи-мәдени мұра объектiлерiнде, табиғат мұражайларында және жанды табиғат мүйiстерiнде болу және оларды зерделеу кезiнде жолсерiктер, экскурсия ұйымдастырушылар, жол нұсқаушылар мен аудармашылар қызметтерiн көрсету, кино, бейне және фото таспаларына түсiру; 

пайдалануға берiлген аумақтар мен объектiлердi санитарлық тазарту және абаттандыру жөнiнде, сондай-ақ өзге де ұйымдардың аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстар жүргiзу жөнiнде қызметтер; 

қоғамдық тамақтандыру объектiлерi үшiн өнiм өндiру жөнiнде қызметтер; 

көрсетілетін көлік қызметтерін, сондай-ақ жегілген малды және мініс малын уақытша иеленуге және пайдалануға беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну; 

2) шектеулi шаруашылық қызметiнен, соның iшiнде: 

кәдесый өнiмдерiн өндiруден; 

аралық мақсатта пайдалану және басқа да мақсаттарда кесiлген ағаштан жасалған тауарларды, олардан алынған сүректi өңдеу өнiмдерiн өткiзуден; 

жанама орман пайдаланудың өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы); 

ормандарды молайту және елдi мекендердi көгалдандыру үшiн көшет материалын өсiруден түсетiн табыстар; 

шектеулi шаруашылық қызмет тауарларын өткiзуден, балық және балық өнімдерін өткiзуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және жасыл екпелердi жасаудан түсетін кірістер; 

балық шабақтарын өсiруден; 

жеке және заңды тұлғалармен туристiк, рекреациялық және шектеулi шаруашылық мақсаттарда жасалатын бiрлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнiм өндiруден және қызмет көрсетуден алынған табыстар; 

орман тұқымдарын жинаудан (қайта өңдеуден); 

3) рәміздерді (эмблема мен туды) пайдаланғаны үшiн төленетiн ақы; 

4) баспа, кәдесый және басқа да көбейтiлген өнiм өндiруден алынған табыстар; 

5) жеке және заңды тұлғалардың ерiктi жарналары мен қайырымалдықтары; 

6) гранттардан, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту қорларларының қаражатынан; 

7) осы Заңның 82-бабына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға және мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілеріне залал келтірген жеке және заңды тұлғалардан түсетін түсімдер есебiнен құралады. 

1-1. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражаты: 

1) туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерден төлемақы алу; 

2) зейнеткерлерден, мүгедектігі бар адамдардан, Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерден, еңбек ардагерлерінен, мектеп жасына дейінгі балалардан алынатын төлемақыны қоспағанда, туристерден төлемақы алу; 

3) автомобиль көлік құралының табиғат қорғау мекемелерінің аумағына кіргені үшін төлемақы алу есебінен де қалыптастырылады. 

2. Табиғат қорғау мекемелерiнiң тауарлар (жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер) өткiзуiнен алынған қаражаты Қазақстан Республикасының бюджеттiк заңнамасына сәйкес пайдаланылады. 

3. Табиғат қорғау мекемелерi осы баптың 1-тармағында аталған қызмет түрлерiнен табыс табу мақсатында мемлекеттiк сатып алу бойынша конкурстарға қатыса алады. 

Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.06.2017 № 73-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.09.2020 № 362-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.04.2021 № 34-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2023 № 184-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-БӨЛIМ. ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРIН, МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ-ҚОРЫҚ ҚОРЫ ОБЪЕКТIЛЕРIН ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖЕЛIГЕ ЕНЕТIН ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ, ҚОРҒАУДЫҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗMETIHIҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 

7-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР

Статья 1 ...36 37 38 39 40 ...85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться