Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 4 Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы
4-бап. Алматы қаласы атқарушы органының өкiлеттiгi

Алматы қаласының атқарушы органы:

1) <*>

2) Алматы қаласының коммуналдық меншiгiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;

3) коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген коммуналдық меншiк тiзбесiн бекiтедi, республикалық меншікке жатқызылған заңды тұлғаларды қоспағанда, Алматы қаласының аумағында тiркелген акционерлік қоғамдардың акцияларының және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысу үлестерінің мемлекеттiк пакеттерiн иеленудi, пайдалануды және оған билiк етудi жүзеге асырады;

4) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-тарауында белгiленген тәртiппен коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм шығарады;

4-1) қала аумағында халықтың экологиялық қауiпсiздігін және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерін қалпына келтiрудi қамтамасыз етеді;

4-2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен қалада жалпымемлекеттік және халықаралық іс-шаралар өткiзу үшін қажетті жағдайлар жасайды;

4-3) Алматы қаласы арқылы өтетiн транзиттік автомобиль көлiгінің жүру сызбасын белгiлейдi;

4-4) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

4-5) ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды) ұйымдастырады;

4-6) авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;

5) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тiзбеге сәйкес қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асырады;

6) Алматы қаласын дамытудың бас жоспарын iске асыруды және оның мониторингiн қамтамасыз етедi;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6-1) "Тұрғын үй қатынастары туралы" және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге (кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындай отырып) мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ кондоминиум объектісіне техникалық паспорттарды және көппәтерлі тұрғын үй орналасқан жер учаскесіне, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелері жиналысының шешімі негізінде көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелерінен тиісті өтініш келіп түскен жағдайда, үй жанындағы жер учаскесіне құжаттарды дайындауды және дайындау жөніндегі шығыстарды өтеуді қамтамасыз етеді;

6-2) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде Алматы қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көп пәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға, сондай-ақ мұндай қаражатты көп пәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу бойынша арнаулы жалпықалалық шотқа жіберуге құқылы;

6-3) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

6-4) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде көппәтерлі тұрғын үйлер пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен, көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;

6-5) Алматы қаласына бірыңғай сәулет келбетін беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

6-6) елді мекендер шекараларының шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

6-7) елді мекендер шекараларының шегінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қадағалау субъектілеріне қатысты мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;

7) жергiлiктi өкiлдi органға жергілiктi мемлекеттiк басқарудың үлгi құрылымына сәйкес Алматы қаласын басқару схемасын бекiтуге ұсынады;

8) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мүлікті мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларына сәйкес Алматы қаласының аумағындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді;

9-1) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қарыз алуды жүзеге асырады;

9-2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген Алматы қаласын дамыту мен құрылыс салудың бас жоспарын, Алматы қаласының қала маңы аймағына жатқызылған іргелес аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру бойынша субъектілердің қызметін үйлестіреді;

9-3) Алматы қаласында еңбек мәселелерін үйлестіреді және халықты жұмыспен қамту саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді;

9-4) Алматы қаласын дамыту мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

9-5) жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын, Алматы қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына жәрдемдесетін заңды тұлғаны айқындайды;

9-6) Алматы қаласының аумағында медициналық қызметтер көрсететін медициналық ұйымдардың қызметін үйлестіреді;

9-7) ішкі сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін дамыту және олардың жұмыс істеуі саласындағы саясатты іске асырады;

9-8) қалалық шаруашылық объектілерінің, қаланы абаттандыру мен дамыту элементтерінің біртұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

9-9) коммуналдық ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды, паркингтерді) пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді және коммуналдық ақылы автотұрақтарға (автомобиль қоятын орындарға, паркингтерге) сараланған тариф белгілейді;

9-10) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;

9-11) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды, оларды ғимараттардан (құрылыстардан, құрылысжайлардан) босатуды қамтамасыз ету саласында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру, тарату туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ оның қызметін үйлестіреді;

9-12) қалалық рельстік көлікте қолданылатын тарифтік саясатты әзірлейді;

9-13) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-14) Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқару функциясын жүзеге асыратын ұйымды айқындайды;

9-15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы қаласының көліктік инфрақұрылым объектілерін басқаруға беру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;

9-16) Жол жүрісін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін енгізу және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-17) Көліктік инфрақұрылымды басқару және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-18) Кәбілдік кәрізді және инженерлік инфрақұрылымды пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-19) Алматы қаласы аумағының қала құрылысы регламентін әзірлейді;

9-20) Алматы қаласының бас жоспарын іске асыру үшін әзірленетін Алматы қаласы аумағының қала құрылысын игеру схемаларын әзірлейді;

9-21) Алматы қаласының жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді;

9-22) автотұрақтардың (автомобиль қоятын орындардың, паркингтердің) санаттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-23) Алматы қаласының аумағында және қала маңындағы аймақта Стационарлық емес сауда объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-24) Қоғамдық тамақтандыру объектілері жанындағы жазғы алаңдарды орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-25) сыртқы жарықтандыру жүйесін пайдалану бойынша заңды тұлғаны айқындайды;

9-26) жасыл экономика саласындағы жаңа технологияларды ынталандыру шараларын айқындайды;

9-27) Алматы қаласының субұрқақ шаруашылығын ұстау және оған техникалық қызмет көрсету жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

9-28) автомобиль көлік құралдарынан шығарындыларды өлшеуді жүзеге асыру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

9-29) Алматы қаласының дизайын-кодын әзірлейді;

9-30) облыстардың жергілікті атқарушы органдары, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер бастамашылық жасаған жобаларды әзірлеуге, қарауға қатысады, олар бойынша тиісті шешімдерді рекреациялық және туристік қызмет аймақтарында туризмді дамыту бөлігінде келіседі, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді басқару жоспарларын әзірлеуге, нақтылауға және түзетуге қатысады;

9-31) туристерді тасымалдау жөніндегі көлік қызметтерін ұсыну қағидаларын туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

9-32) қала құрылысы кеңесін құрады және оның ережесін бекітеді;

9-33) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-34) Алматы қаласындағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, Алматы қаласының үй-жайларының шегінен тыс ашық кеңістікте және ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде сыртқы (көрнекі) жарнама бейнелерін орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

9-35) Алматы қаласындағы сыртқы жарықтандыру жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлейді;

ЗҚАИ-ның ескертпесі!
9-36) тармақша 01.01.2027 дейін қолданылады - ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-36) жылжымайтын мүлікті ресімдеу мәселелерін қарау жөніндегі комиссия туралы ережені әзірлейді;

9-37) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 2-тармағының 4-1) тармақшасына сәйкес жер учаскелерін береді;

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.06.11 № 207, 2001.06.13 № 212, 2004.05.07 № 570, 2004.12.20 № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2007.07.20 № 464-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-1-бап 01.01.2027 дейін қолданылады - ҚР 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...2‑1 3 4 4‑1 4‑2 ...8

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться