Ст. 28 Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы
28-бап. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторлар мен коммерциялық емес ұйымдардың құқықтары
1. Қоғамдық инспекторлардың: 1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы бұзушылықтарды аудио, фото және бейнетехника құралдарының көмегімен тіркеуге және тиісті материалдарды мемлекеттік органдарға жіберуге;
2) Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алуда және оларды анықтауда мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге;
3) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласында халықты ағарту жөніндегі жұмысқа қатысуға құқығы бар.
2. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы коммерциялық емес ұйымдардың:
1) мемлекеттік органдардан өздерінің жарғылық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға қажетті ақпарат алуға;
2) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізуге;
3) жануарлардың қажеттеріне бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыру кезінде жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық инспекторларға және коммерциялық емес ұйымдарға жануарларды уақытша ұстау пункттерінің, жануарларға арналған панажайлардың және жануарларға қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өзге де ұйымдардың аумағы мен үй-жайларына қолжетімділік қамтамасыз етілуге тиіс.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей