Ст. 121 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
121-бап. Халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу
1. Қазақстан Республикасында трансферттік баға белгілеу кезінде туындайтын халықаралық іскерлiк операциялардағы және халықаралық iскерлiк операцияларға байланысты мәмiлелердегі тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Өзара байланысты тараптар арасында қалыптасатын және (немесе) тәуелсiз тараптар арасында мәмiлелер жасасу кезiнде бағалар ауқымы ескерiле отырып, объективтi түрде қалыптасатын нарықтық бағадан ерекшеленетін және "Трансферттік баға белгілеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылауға жататын баға трансферттiк баға (трансферттiк баға белгiлеу) болып табылады.
3. Тауарларды сатып алу-сату жөнiндегi экспорттық және (немесе) импорттық мәмiлелер; тараптарының бiрi Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме құрмай жүзеге асыратын резидент емес болып табылатын, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiндегi мәмiлелер; Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерде тауарларды сатып алу-сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету жөнiнде жасаған мәмiлелерi халықаралық iскерлiк операциялар болып табылады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
122-бап жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
122-бап. Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге баға белгілеу
1. Мемлекет Қазақстан Республикасының мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге бағаларды реттейді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 29.10.2015 N 375-V Кодексінің 324-бабының 10-тармағынан қараңыз.
2. Мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкiлеттi орган табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен келiсу бойынша мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган бекiткен тәртiппен бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткізуге шектi бағаларды белгiлейдi.
3. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзушiлер мұнай өнiмдерiн өткiзу кезiнде бағаларды мемлекеттiк реттеу белгiленген мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге белгiленген шектi бағалардан асырмауға мiндеттi.
4. Мұнай өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы өткiзуге бағаларды мемлекеттiк реттеу жағдайларында шектi бағалар айына бiр реттен артық белгiленбейдi.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей