Ст. 144 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
144-бап. Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі
1. Талаптарға сәйкестігін тексеру осы Кодекстің 141-бабында белгіленген жиілікпен тәуекелдерді бағалау өлшемшарттары қолданылып жүзеге асырылады.
Біліктілік немесе рұқсат беру талаптары, сондай-ақ хабарлама жасау тәртібі шеңберіндегі талаптар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бірінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2. Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесі автоматты режимде қалыптастырған график талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындауға негіз болып табылады.
График өздеріне қатысты талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру тағайындалған бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) міндетті түрде көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жыл сайынғы негізде тәуекелдерді бағалау мен басқарудың ақпараттық жүйесінде автоматты режимде қалыптастырылады.
Бақылау және қадағалау органы сол бір бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты талаптарға сәйкестігін тексеру графигін және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде оларды жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың төртінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу графигі тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде жариялау үшін жіберіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың бесінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тексерулер жүргізу графигі "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 10 мамырына дейінгі мерзімде жарияланады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақтың алтыншы бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тәуекелдерді бағалау мен басқарудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі болмаған кезде графикті реттеуші мемлекеттік органның немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы бекітеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2-тармақты жетінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 05.07.2024 № 115-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісін (заңды тұлғаның басшысын не оның уәкілетті адамын, жеке тұлғаны) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізудің басталғаны туралы тексеру басталғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын оның басталу күнін көрсете отырып, жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
Бақылау мен қадағалау субъектісі тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама алған, бірақ тексеру кезіне Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 42-бабының 6-тармағына сәйкес мемлекеттік қайта тіркеуден өткен жағдайда, тексеру жүргізудің басталғаны туралы қайта хабардар ету талап етілмейді.
Осы тармақтың ережелері патогендігі I және (немесе) II топтардағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын бақылау және қадағалау субъектілерін тексеруге қолданылмайды.
4. Бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатында, нақты бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.
Осы баптың 5-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында, 8, 9 және 10-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау және қадағалау органы тексеру басталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) тексеру жүргізудің нысанасын көрсете отырып, бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталғаны туралы бақылау мен қадағалау субъектісіне хабар беруге міндетті.
5. Бақылау мен қадағалау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруге мыналар негіз болып табылады:
1) тергеп-тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
2) егер бақылау мен қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп ұсынбаса және (немесе) бұзушылықтарды жоймаса, тексеру және бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;
2-1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болып табылатын бұзушылықтардың жойылуын бақылау;
3) сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;
4) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің нақты фактілері бойынша не зиян келтіру қатері туралы прокурордың талаптары;
5) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірудің, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;
6) бақылау мен қадағалау субъектісінің бастапқы тексерумен келіспейтіні туралы жүгінуіне байланысты қайта тексеру (жедел ден қою шараларын қолданудың құқыққа сыйымсыздығы);
7) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;
8) салық төлеушінің жолданымдары, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) айқындалған мәліметтер мен мәселелер.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 19.04.2024 № 74-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
6. Жоспардан тыс тексерулер анонимдік жолданымдар болған жағдайларда жүргізілмейді.
7. Нақты бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты анықталған және осы жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған фактілер мен мән-жайлар жоспардан тыс тексеруге жатады.
8. Эпидемияның, карантиндік объектілер және аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың, уланулардың, радиациялық авариялардың таралу қатері төнген жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.
8-1. Меншік түріне, нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, стационарлық үлгідегі интернаттық ұйымдарға, білім беру ұйымдарына және баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін стационар, жартылай стационар жағдайларында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдарға қатысты бақылау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі жұмыс күні ішінде ұсына отырып, объектілерге жоспардан тыс тексеру жүргізілуі мүмкін.
9. Бақылау және қадағалау органдары, сондай-ақ құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті орган орналасқан жерден едәуір шалғайдағы объектілерде немесе бақылау мен қадағалау субъектілерінде жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін негіздер анықталған жағдайда, бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен және тексеруді тағайындау туралы актіні тіркеместен, оны кейіннен құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға келесі бес жұмыс күні ішінде ұсына отырып, жоспардан тыс тексеру жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексеруді тағайындау туралы акт тіркелген жерден оны жүргізетін жерге дейін бір жүз километрден асатын арақашықтық бақылаушы және тіркеуші органдар орналасқан жерден едәуір шалғайда орналасу деп есептеледі.
10. Жалған пестицидтерді өндіру (формуляциялау), тасымалдау, сақтау, өткізу және қолдану, сондай-ақ жалған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіру, сатып алу, тасымалдау, сақтау, өткізу, сондай-ақ патогендігі I–II топтағы патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеу мәселелері бойынша жоспардан тыс тексерулер бақылау мен қадағалау субъектісін алдын ала хабардар етпестен жүргізіледі.
11. Осы баптың 5-тармағында санамаланған жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін негіздер мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелеріне, қызметін әділет органдарында немесе тіркеуші органда тіркемей жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелеріне, бейрезидент-заңды тұлғаларға да қатысты қолданылады.
12. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың қолданысын белгілі бір мерзімге тоқтата тұру туралы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
13. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген тексерулерді қоспағанда, осы Кодексте белгіленбеген өзге де тексеру түрлерін жүргізуге тыйым салынады.
Ескерту. 144-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей