Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 165 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
165-бап. Тұлғалар тобы

1. Мынадай белгілердің біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келетін жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың жиынтығы тұлғалар тобы деп танылады: 

1) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай осы заңды тұлғаның осы нарық субъектісіне қатысуына орай не басқа тұлғалардан, оның ішінде жазбаша келісім негізінде алынған өкілеттіктерге сәйкес осы нарық субъектісінің жарғылық капиталындағы дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының елу пайызынан астамына билік ету құқығы болса, жеке тұлға немесе заңды тұлға, ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі; 

2) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы нарық субъектісінің жеке-дара атқарушы органының функцияларын жүзеге асырса, жеке тұлға немесе заңды тұлға; 

3) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлға немесе мұндай заңды тұлға осы нарық субъектісінің құрылтай құжаттары немесе осы нарық субъектісімен жасалған шарт негізінде осы нарық субъектісіне орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы болса, жеке тұлға немесе заңды тұлға; 

4) алқалы атқарушы органның және (немесе) директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің, қор кеңесінің) сандық құрамының елу пайызынан астамын сол бір жеке тұлғалар құрайтын заңды тұлғалар; 

5) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай заңды тұлғаның ұсынысы бойынша осы нарық субъектісінің жеке-дара атқарушы органы тағайындалса немесе сайланса, жеке тұлға немесе заңды тұлға; 

6) нарық субъектісі және егер мұндай жеке тұлғаның немесе мұндай заңды тұлғаның ұсынысы бойынша осы нарық субъектісінің алқалы атқарушы органының не директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) сандық құрамының елу пайыздан астамы сайланса, жеке тұлға немесе заңды тұлға; 

7) жеке тұлға, оның жұбайы, ата-анасы (оның ішінде асырап алған), балалары (оның ішінде асырап алынған), туған және туысқан ағалары-інілері, апалары, қарындастары; 

8) әрқайсысы осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір белгі бойынша сол бір тұлғамен топқа кіретін тұлға, сондай-ақ осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір белгі бойынша мұндай тұлғалардың кез келгенімен топқа кіретін басқа да тұлғалар; 

9) нарық субъектісі, егер мұндай тұлғалардың осы нарық субъектісіне бірлесіп өзінің қатысуына орай немесе басқа тұлғалардан алынған өкілеттіктерге сәйкес осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайлардың) елу пайызынан астамына билік ету құқығы болса, осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір белгілер бойынша тұлғалар тобына кіретін жеке тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалар, ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі. 

2. Тұлғалар тобы нарықтың біртұтас субъектісі ретінде қаралады. Осы бөлімнің нарық субъектілеріне қатысты ережелері тұлғалар тобына қолданылады. 

Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 121-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...163‑1 164 165 166 167 ...324

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться