Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 199 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.12.2023

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
199-бап. Әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуы туралы хабарлама

Ескерту. 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Осы Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, жосықсыз бәсекелестік, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттерінің белгілері, нарық субъектілерінің осы Кодекстің 169-бабының 2-тармағында көрсетілген бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері, сондай-ақ мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымдардың бәсекелестікке қарсы әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) белгілері, келісімдері болған кезде, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізбестен, нарық субъектісіне, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдарға, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымға әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама жібереді. 

Хабарлама монополияға қарсы органға көрсетілген белгілердің болуы туралы белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. 

Хабарламаны беру тәртібін және оның нысанын монополияға қарсы орган бекітеді. 

2. Егер мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді (әрекетсіздікті) осы баптың 2-1-тармағында белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады. 

2-1. Хабарламаны орындау және оның орындалуы туралы ақпарат беру мерзімі мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі оны алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды. 

Қосымша уақытша шығындар қажет болған жағдайда мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйым, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, нарық субъектісі хабарламаны орындау мерзімі аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей монополияға қарсы органға хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен жүгінуге құқылы. 

Мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функциясын берген ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, нарық субъектісінің өтінішінде хабарламаны орындау бойынша қабылданатын шаралар және хабарламаны орындау мерзімін ұзартудың объективті себептері міндетті түрде жазылады. 

Монополияға қарсы орган өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде онда жазылған дәлелдерді ескере отырып, хабарламаны орындау мерзімін ұзарту туралы немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды. 

Хабарламаны орындауды ұзарту мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімді құрайды. 

3. Егер хабарлама шығарылған кезден бастап күнтізбелік бір жыл ішінде монополияға қарсы орган мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген сол бір ұйымның, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органның, нарық субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) осы баптың 1-тармағында санамаланған Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын сол бір бұзушылық белгілерін байқаса, монополияға қарсы орган хабарлама жіберместен, тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім шығарады. 

Ескерту. 199-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...197 198 199 200 201 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!


Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?


И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.


У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.


После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться