Ст. 201 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
201-бап. Экономикалық шоғырлануды реттеу
Ескерту. 201-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылады:
1) нарық субъектiсiн бiрiктіру немесе қосылу жолымен қайта ұйымдастыру;
2) тұлғаның (тұлғалар тобының) нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) сатып алуы, бұл ретте, егер мұндай тұлға (тұлғалар тобы) сатып алуға дейiн осы нарық субъектiсiнiң акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестерiне, пайларына) иелік етпесе немесе аталған нарық субъектiсiнiң дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайларының) елу немесе одан аз пайызына иелік етсе, мұндай тұлға (тұлғалар тобы) көрсетілген акциялардың (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң, пайлардың) елу пайызынан астамына иелік ету құқығына ие болады.
Осы талап заңды тұлға құрылтайшыларына оның құрылуы кезінде қолданылмайды;
3) нарық субъектiсiнiң (тұлғалар тобының) нарықтың басқа субъектiсiнiң Қазақстан Республикасының аумағындағы негiзгi өндiрiстiк құралдарын (өнеркәсіптік мақсаты жоқ жер учаскелері мен ғимараттарды (құрылыстарды, құрылысжайларды) және олардың кешендерін, үй-жайларын, құрылысы аяқталмаған объектілерін қоспағанда) және (немесе) материалдық емес активтерiн, егер мәмiленiң (өзара байланысты мәмiлелердiң) нысанасын құрайтын осындай мүлiктiң баланстық құны мүлiктi иелiктен шығаратын немесе беретiн нарық субъектiсiнiң негiзгi өндiрiстiк құралдары мен материалдық емес активтерiнiң баланстық құнының жиырма пайызынан асатын болса, меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы, оның iшiнде жарғылық капиталды төлеу (беру) есебiне меншiкке алуы, иеленуi және пайдалануы.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талап нарық субъектісі (тұлғалар тобы) өзінің бастапқы жарғылық капиталына құрылтайшылардың салымдары нәтижесінде негізгі өндірістік құралдарды және (немесе) материалдық емес активтерді меншігіне, иеленуге және пайдалануға алатын жағдайларға, сондай-ақ нәтижесінде құрылатын нарық субъектісі беру актісі, бөлу балансы негізінде осындай мүлікті алатын нарық субъектілері қайта ұйымдастырылған жағдайда қолданылмайды;
4) нарық субъектiсiнiң өзі кәсiпкерлiк қызметтi жүргiзген кезде нарықтың басқа субъектiсiне орындалуы мiндеттi нұсқаулар беруіне мүмкiндiк беретiн (оның iшiнде сенiмгерлiк басқару туралы шарт, бiрлескен қызмет туралы шарт, тапсырма шарты негiзiнде) құқықтарды иемденуі.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талап жеке-дара шешім қабылдауға, қабылданатын шешімдерге шешуші әсер етуге, қабылданатын шешімдерді артықшылықпен бақылауға мүмкіндік беретін құқықтарды (кәсіпкерлік қызметтің басым, негізгі шарттарын, бағыттарын, түрлерін, даму стратегиясын және ағымдағы операциялық қызметке жатпайтын өзге де мәселелерді айқындау құқықтарын қоса алғанда) иемдену жағдайларына, сондай-ақ осындай құқықтары бар өзге де тұлғалар болмаған кездегі осыған ұқсас жағдайларға қолданылады
Осы тармақша нарық субъектісінің басқару және (немесе) бақылау органдарының шешімдер қабылдауына кедергі келтіруге, нарық субъектісінің басқару және (немесе) бақылау органдарына кандидаттарды жеке-дара тағайындауға (номинациялауға) мүмкіндік беретін иемденілетін құқықтарға (оның ішінде құрылтай құжаттарында тікелей көрсетілген вето, бұғаттау құқығына) да қолданылады, бұл ретте өзге тұлғаларда аталған құқықтардың болмауы шарт;
5) сол бiр жеке тұлғалардың екi және одан да көп нарық субъектiлерiнiң атқарушы органдарына, директорлар кеңестерiне, байқаушы кеңестерiне немесе басқарудың басқа да органдарына аталған жеке тұлғалардың осы субъектiлерде кәсiпкерлiк қызметiн жүргiзу шарттарын айқындау жағдайында қатысуы.
2. Мыналар экономикалық шоғырлану деп танылмайды:
1) егер бұл сатып алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген ұйымның нарық субъектiсiнiң басқару органдарында дауыс беру құқығына ие болмауы шартымен жүзеге асырылатын болса, нарық субъектiсiнiң акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерiн, пайларын) қаржы ұйымдарының сатып алуы, нарық субъектісінің акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін, пайларын) дауыс беру құқығынсыз қаржы ұйымдарының пайдасына (кепіл ұстаушылар ретінде) кепілге беру, сондай-ақ бұл сатып алу немесе алу оларды кейiннен қайта сату мақсатында көрсетілген қаржы ұйымдары мұндай мүлікті өз мақсаттары үшін кіріс табу мақсатында пайдаланбауы (қолданбауы) шартымен жүзеге асырылатын болса, борышкердің міндеттемесін толығымен немесе бір бөлігінде тоқтату мақсатында басқа нарық субъектісінің мүлкін, негізгі өндірістік құралдарын және (немесе) материалдық емес активтерін қаржы ұйымдарының сатып алуы немесе меншігіне алуы;
2) оңалтуды немесе банкроттықты басқарушыны, уақытша әкімшілікті (уақытша әкімшіні) тағайындау;
3) егер мұндай мәмiле бiр тұлғалар тобының iшiнде жасалса, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыру.
3. Егер қайта ұйымдастырылатын нарық субъектiлерiнiң (тұлғалар тобының) немесе сатып алушының (тұлғалар тобының), сондай-ақ өзiнiң дауыс беру құқығы бар акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері, пайлары) сатып алынатын нарық субъектiсi активтерiнiң жиынтық баланстық құны немесе олардың соңғы қаржы жылында тауарлар өткiзуiнiң жиынтық көлемi өтінішхат (хабарлама) берiлген күнге белгіленген айлық есептiк көрсеткiштiң он миллион еселенген мөлшерiнен асатын жағдайларда, монополияға қарсы органның осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелердi (әрекеттерді) жүзеге асыруға келiсiмi не оның осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген мәмiлелер туралы хабарламасы талап етiледi.
4. Мәмілелерді жасау осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында тікелей көзделсе, осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәмілелерді жүзеге асыруға монополияға қарсы органның келісімі талап етілмейді.
5. Егер қаржы ұйымы активтерiнiң құны не өз капиталының шамасы монополияға қарсы орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бiрлесiп белгiлеген мөлшерлерден асып кетсе, қаржы ұйымының қатысуымен экономикалық шоғырлануға келiсу талап етіледі.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген экономикалық шоғырлануды бір мезгілде қаржы ұйымы және тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылатын нарық субъектісі жүзеге асырса, мұндай нарық субъектісі осы баптың 3-тармағында көзделген норманы басшылыққа алады.
6. Монополияға қарсы орган тиiстi тауар нарықтарын талдау негiзiнде осы нарықтар үшiн монополияға қарсы органның осы бапта көрсетілген мәмiлелердi жүзеге асыруға келiсiмi қажет болатын активтер құнының неғұрлым жоғары мөлшерлерiн және тауарлар өткiзу көлемдерiн белгiлеуге құқылы.
7. Тауарларды өткiзудiң жиынтық көлемi осы баптың 3-тармағына сәйкес өтінішхат (хабарлама) берiлген жылдың алдындағы соңғы қаржы жылы тауарларды өткiзуден түскен кірістің сомасы ретiнде қосылған құн салығының және акциздiң сомасы шегерiле отырып айқындалады.
Егер нарық субъектiсi қызметiн жүзеге асырғанына бiр жыл болмаса, тауарларды өткiзу көлемi нарық субъектiсiнің қызмет кезеңі үшiн айқындалады.
8. Осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмi талап етiледi.
Осы баптың 1-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген мәмiлелер жүзеге асырылған жағдайда, монополияға қарсы орган мәмiле жасалған күннен кейiн күнтізбелік қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабардар етiлуге тиiс.
Ескерту. 201-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





В п.1 ст. 446 НК РК на данном ресурсе ссылается на "главу 46 настоящего Кодекса". Как её найти?
Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей