Ст. 241-6 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
241-6-бап. Инновациялық белсенділікті ынталандыру және инновациялық жүйені талдау құралдары
1. Инновацияларды ақпараттық-насихаттық қолдау және білімді тарату, оның ішінде технологияларды коммерцияландыру арқылы тарату инновациялық белсенділікті ынталандыру құралдары болып табылады. Технологияларды коммерцияландыруға жәрдемдесу (қолдау) мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) технологиялық кәсіпкерлік саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және (немесе) өткізу;
2) технологияларды іздестіру, оларды сәйкестендіру жүйесін қалыптастыру және дамыту және оларды нарыққа ілгерілетуге жәрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсілдер.
2. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға, технологиялық саясаттар мен нысаналы технологиялық бағдарламаларды іске асыруға уәкілеттік берілген өзге де заңды тұлғалар жүзеге асыратын инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық жүйені талдау құралы болып табылады.
Ұсынымдар әзірлей отырып, оның ішінде ақпараттық жүйе арқылы инновациялық жүйенің тиімділігін тәуелсіз талдауды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын инновациялық обсерватория жүзеге асырады.
Ұлттық холдингтер, ұлттық даму институттары және жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті өзге де ұйымдар инновациялық жүйенің тиімділігіне тәуелсіз талдау жүргізу үшін инновациялар мен технологияларды дамыту жөніндегі шараларды іске асыру туралы инновациялық обсерваторияға жыл сайынғы ақпаратты береді.
Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесін инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Инновациялық гранттар беру бойынша инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының белгісіздігімен және салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ықтимал ысыраптарымен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел сияқты инновациялық қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Венчурлік қорларды қоса қаржыландыру жөніндегі инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну және іске асыру тиімділігін бағалау инновациялық қызметтің нарықтық перспективаларының беймәлімділігімен сипатталатын жоғары кәсіпкерлік тәуекел мен салынған қаржылық және өзге де ресурстардың ысырабы ескеріле отырып, ұзақ мерзімді перспективада осындай венчурлік қорлар активтерінің (бүкіл портфелінің) кірістілігі (шығындылығы) негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 241-6-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.09.2025 № 220-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Если я на испытательном сроке я тоже должна отрабатывать 1 месяц?
Қайда шағымданасыз?
1) Мекеме басшысы мен бас есепшіге — жазбаша түрде
Негіз: 319-бап.
2) Мемлекеттік кірістер басқармасына (МКБ) шағым
Негіз: 319, 320, 683-баптар (салық агентінің міндетін орындамау).
Жаза қолданатын орган — МКБ.
3) Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (егер мекеме мемлекеттік болса)
Негіз: бухгалтерлік есеп нормаларын бұзу.
Ақпарат үшін +77082675787, +77751122089
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей