Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 244-1 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 21.09.2021

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
244-1-бап. Өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім

1. Көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісін дамытуды ынталандыру мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім, көлік құралдарына және (немесе) ауыл шаруашылығы техникасына компоненттерді өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімдер жасасады. 

Көлік құралы деп ауыл шаруашылығы техникасын қоспағанда, адамдарды, жүктерді немесе өзінде орнатылған жабдықты тасымалдауға арналған құрылғы, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі. 

Ауыл шаруашылығы техникасы деп жекелеген операцияларды немесе технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру арқылы ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға арналған техникалық құрал, оның ішінде техникалық жағынан күрделі бұйым түсініледі. 

Көлік құралына компонент деп көлік құралы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және көлік құралының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі. 

Ауыл шаруашылығы техникасына компонент деп ауыл шаруашылығы техникасы конструкциясының құрамдас бөлігі, бөлшек, торап, жинақтауыш бұйым, материал, химиялық өнім, лак-бояу өнімі және ауыл шаруашылығы техникасының өндірісі үшін қажетті өзге де жинақтауыш түсініледі. 

2. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдердің бірін жасасу Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының көлік құралдарының және (немесе) олардың компоненттерінің, ауыл шаруашылығы техникасының және (немесе) оның компоненттерінің өндірісі саласындағы индустриялық қызметтің субъектісі болып табылатынын растау болып табылады. 

3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген келісімдерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мақсатында индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-1), 24-9) және 24-10) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының мұндай келісімдер шеңберінде өзіне қабылдаған міндеттемелерді орындауын тексеруді жүзеге асырады. 

4. Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде санамаланған келісімдердің бірінің талаптарын орындамауы немесе тиісінше орындамауы бөлігінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган анықталған бұзушылықтар жойылмаған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес хабарлама жіберілген кезден бастап бір ай мерзімде келісімді біржақты тәртіппен бұзады. 

5. Ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі - СЭҚ ТН) кодтарын қоспағанда, көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес СЭҚ ТН кодтары бойынша жасалады. 

6. Моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім бұрын жасалмаған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің бастапқы талаптарын орындағаннан кейін жасалады, олар технологиялық жабдықты пайдалануды және мынадай шарттардың орындалуын қамтиды: 

1) екі ауысымдық жұмыс режимі кезінде кәсіпорынның өндірістік қуаты жеңіл автомобильдерге қатысты - жылына кемінде жиырма бес мың, ершікті тартқыштарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты - жылына кемінде он мың, автобустарға қатысты - жылына кемінде бір мың екі жүз болатын СЭҚ ТН-ның тиісті коды бойынша жеңіл автомобильдерге қатысты - кемінде екі модельді, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты кемінде бір модельді дәнекерлеу, бояу (жеңіл автомобильдер бойынша катафорезді қоса алғанда) және шанақты (кабинаны) құрастыру жөніндегі технологиялық операцияларды кәсіпорында ұйымдастыру; 

2) жеңіл автомобильдерге қатысты - айлық есептік көрсеткіштің он сегіз миллион еселенген мөлшерінен кем емес, ершікті тартқыштарға, автобустарға, арнайы техникаға және жүк автомобильдеріне қатысты айлық есептік көрсеткіштің жеті жүз елу мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы. 

7. 2020 жылғы 31 желтоқсанда өз күшін тоқтататын, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім (көпжақты келісім) бұрын жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен ершікті тартқыштардың, автобустардың, арнайы техниканың, жеңіл және жүк автомобильдерінің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім дәнекерлеу және бояу жөніндегі технологиялық операцияларды орындауды қоса алғанда, моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісімнің (көпжақты келісімнің) бұрын қабылданған шарттары мен міндеттемелері орындалғаннан кейін ғана жасалады. 

Жеңіл автомобильдердің СЭҚ ТН кодтары бойынша көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімнен басқа, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының бірімен жасалған келісім шеңберінде көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру туралы көпжақты келісімді осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарында белгіленген тәртіппен жасасуға жол беріледі. 

Жасалатын, 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін күшіне енетін келісімдерге осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-9) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес оқшаулауды бағалаудың баллдық жүйесінің талаптары қолданылады. 

8. Тракторлардың, астық жинау комбайндарының және сүрлем жинау комбайндарының СЭҚ ТН коды бойынша ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру туралы келісім Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен осы Кодекстің 100-бабы 2-тармағының 24-10) тармақшасында көзделген мұндай келісімдерді жасасу қағидалары мен шарттарына сәйкес мынадай шарттар орындалған кезде жасалады: 

1) кәсіпорында дайындамаларды пішуді, июді, дәнекерлеуді, құрастыруды және бояуды қоса алғанда, дайындау жөніндегі операцияларды ұйымдастыру; 

2) айлық есептік көрсеткіштің үш жүз жетпіс бес мың еселенген мөлшерінен кем емес сомаға өндірістік активтердің болуы. 

9. Осы Кодекстің 286-бабына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге және Қазақстан Республикасында экологиялық таза (4 және одан жоғары экологиялық сыныпқа сәйкес келетін; электр қозғалтқыштары бар) автомобильдік көлік құралдарының және олардың компоненттерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес көлік құралдарына және (немесе) олардың компоненттеріне, ауыл шаруашылығы техникасына және (немесе) оның компоненттеріне қатысты техникалық регламенттерде айқындалған экологиялық талаптарға сәйкес келетін өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін ынталандыруға Қазақстан Республикасының заңды тұлғасында көлік құралдарын және (немесе) олардың компоненттерін, ауыл шаруашылығы техникасын және (немесе) оның компоненттерін өнеркәсіптік құрастыру туралы тиісті келісім болған жағдайда ғана жол беріледі. 

10. Осы баптың 6, 7 және 8-тармақтарына сәйкес келісімдер жасалған Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына берілетін жеңілдіктер мен преференциялардың көлемі индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе негізінде айқындалатын болады. 

Оқшаулауды бағалау жөніндегі баллдық жүйе оқшаулаудың ең жоғары деңгейімен жасалған көлік құралдары бойынша жеңілдіктер мен преференциялардың ең жоғары деңгейін беруді қамтамасыз етуге тиіс. 

Ескерту. 24-тарау 244-1-баппен толықтырылды – ҚР 29.06.2020 № 352-VI Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).

2-параграф. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық жүйесі

Статья 1 ...243 244 244‑1 245 246 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚР ҚПК 181 бабы 5 бөлігін қайдан табуға болады,қалай түсінеміз.Арыз жазған адамға осы жауап келіп тұр.


Добрый день!

подскажите, если у меня(физ.лицо) имеется нежилое помещение - я обязан ежегодно отчитываться по форме 700.00?


кратко-мальчик 14 лет совершил половой акт по инициативе девочки считая её своей ровесницей (так как она говорила что он у неё не первый) а фактически оказалось ей 12 лет , все действия совершенны по любви к друг другу и по обоюдному согласию и пониманием того что делали. теперь прокурор возбуждает уголовное дело по ст .120 ч.4 и грозит 20 годами. Мальчишка ещё не прожил столько лет, а за любовь и действия без умысла и не понимания ответственности такое обвинение. Для девочки тоже огромная психологическая травма, так как они продолжают любить друг друга ,и хотят пожениться при достижении возраста.И ситуация такова девочка растёт в неполной семье ,без отца.Мальчик вообще сирота ,родители умерли по болезни, а отец у него на глазах в тот период, мальчишка думал что нашёл свою любовь и понимание -а оказывается наоборот


Мектепке діни белгідегі немесе секталардың ұстамын білдіретін киім болмаса басқа белгілерді тағып келмеу туралы заң қай бапта көрсетілген


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться