Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 246 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 10.05.2021

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
246-бап. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерi

1. Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдауға қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiлерiне даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі шаралар және ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, ұлттық компаниялар және олардың өңірлік өкілдері мен өкілдіктері, ұлттық даму институттары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау шараларын iске асыруға уәкiлеттiк берілген, дауыс беретiн акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу және одан да көп пайызы тiкелей не жанама түрде мемлекетке тиесiлi өзге де заңды тұлғалар жатады. 

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау саласындағы ұлттық даму институты: 

1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің, сондай-ақ жаңа индустриялық-инновациялық жобалар, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге бағытталған индустриялық-инновациялық жобалар құру үшін өзге заңды тұлғалар ашу (құру) арқылы жарғылық капиталдарына инвестициялар салуды жүзеге асырады; 

2) ұлттық даму институттарынан, екінші деңгейдегі банктерден және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын және (немесе) оларға қатысатын ұлттық басқарушы холдингтерге тікелей не жанама түрде тиесілі өзге де заңды тұлғалардан кредиттер (қарыздар) жөніндегі құқықты (талапты) иемденеді; 

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қаржы-экономикалық сауықтыру, сондай-ақ экономиканың басым секторларының экономикалық белсенділігін және инвестициялық тартымдылығын қолдау мен қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешенін тұжырымдайды және іске асырады: 

берешекті қайта құрылымдау; 

жарғылық капиталдарға инвестициялар салу; 

стратегиялық және институционалдық инвесторларды іздестіру және тарту; 

индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің қаржы-экономикалық сауығуына ықпал ететін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де қолдау түрлері.  

3. Индустрияны дамыту саласындағы ұлттық даму институты: 

1) экономиканың басым секторларын дамытуды және өңірлерді индустриялық-инновациялық дамытуды қоса алғанда, экономика секторларын дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi; 

2) индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға басым тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бiрыңғай картасын әзiрлеу мен жаңарту бойынша қызметтер көрсетедi; 

3) индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустрияландыру картасын қолдау бойынша қызметтер көрсетедi; 

4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді; 

5) аумақтық кластерлерді дамытуға мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну бойынша қызметтер көрсетеді; 

6) аумақтық кластерлерді дамыту процестерін қолдау бойынша қызметтер көрсетеді; 

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы өнеркәсіптік даму саласындағы консультативтік-кеңесші органның қызметін талдамалық және сараптамалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді; 

8) индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша мемлекеттік органдардан және заңды тұлғалардан алынған статистикалық ақпарат пен деректерге талдау жүргізуді, сондай-ақ ұсыныстар мен сараптамалық қорытындыларды тұжырымдауды көздейтін, индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды басқару бойынша қызметтер көрсетеді. 

4. Технологиялық дамыту саласындағы ұлттық даму институты: 

1) технологиялық болжаудың жүргізілуін ұйымдастырады; 

2) инновацияларды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi; 

3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң жарғылық капиталдарына қатысу, шетелдiң қатысуымен заңды тұлғалар құру, инвестициялық және венчурлік қорлар құру немесе оларға қатысу жолымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де тәсiлдермен индустриялық-инновациялық жобаларға инвестицияларды жүзеге асырады; 

4) технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технопарктердi, конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестiруге қатысады; 

5) экономиканың басым секторларын технологиялық дамытуды ынталандыру үшiн ақпараттық ресурстарды, бiлiм беру және қаржы ресурстарын тарту мақсатында халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық жасайды; 

6) iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар, ендірілген технологиялар, технологиялық болжау бойынша жүргiзiлген талдамалық зерттеу нәтижелерi туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етедi; 

7) технологиялық бизнес-инкубациялау, технологияларды коммерцияландыру және технологиялар трансфертi, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң кадрлық, басқарушылық және өндiрiстiк әлеуетiн күшейту бойынша мемлекеттiк қолдау тетiктерiн iске асыруға қатысады; 

8) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға сараптамалық қорытындыларды және (немесе) ұсынымдарды бередi; 

9) инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға инновациялық гранттар беру жөнiнде қызметтер көрсетедi; 

10) технологиялық дамыту саласында ақпарат жинауды және индустриялық-инновациялық жүйенiң тиiмдiлiгiн талдауды жүзеге асырады; 

11) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорларды, венчурлік қорларды және венчурлік қаржыландыруды дамытуға жәрдемдеседi. 

5. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты: 

1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi; 

2) жергiлiктi қамтуды дамыту саласында ақпараттық-талдамалық және консультациялық қызметтер көрсетедi; 

3) индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға iшкi нарықта отандық тауар өндірушілерді, жұмыстарды орындаушылар мен қызмет көрсетушілерді мемлекеттiк қолдау шараларының iске асырылу тиiмдiлiгiн талдау бойынша қызметтер көрсетедi; 

4) индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң тауарларын, жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтерiн iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi; 

5) жергiлiктi қамту бойынша сараптаманы жүзеге асырады; 

6) субконтрактация орталығы болып табылады. 

Субконтрактация деп өндірістік қызметті оңтайландыру үшін өнеркәсіптік кәсіпорындар қолданатын өндірістік (өнеркәсіптік) аутсорсинг нысандарының бірі түсініледі; 

7) индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкілетті органға iшкi нарықтағы индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистік қолдау бойынша, оның ішінде жергілікті қамтуды дамытуға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтерді сатып алуға арналған ақпараттық жүйелерді қолдап отыру бойынша қызметтер көрсетеді. 

Жергілікті қамту бойынша сараптама деп индустрияландыру картасына енуге үміткер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасындағы жергілікті қамтуды бағалау түсініледі. 

Жергілікті қамту деп индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасына тартылған Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбегіне ақы төлеу құнының осы жоба бойынша еңбекақы төлеудің жалпы қорынан және (немесе) тауарларда, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерде белгіленген жергілікті өндірілу үлестері құнының индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің индустриялық-инновациялық жобасын іске асыру кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы құнынан пайыздық қамтылуы түсініледі. 

6. Инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері: 

1) Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргiзедi; 

2) инвесторлардың қызметiн қолдап отыруды қамтамасыз етедi, оның iшiнде инвесторлардың мемлекеттiк органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiмен, сондай-ақ жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнің бiрлестiктерiмен кездесулерiн ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар және семинарлар өткiзедi, жұмыс істеп жатқан және перспективалы инвесторлардың дерекқорын қалыптастырады және жүргiзедi, инвесторларға туындайтын мәселелерді шешуде жәрдемдеседі; 

3) Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық имиджiн ілгерілетеді, оның iшiнде инвестициялық мүмкiндiктер туралы ақпарат береді; 

4) инвесторлармен келiссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткiзiлген ресми уағдаластықтардың iске асырылуына мониторинг жүргiзедi; 

5) инвесторлардың қатысуымен iске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргiзедi; 

6) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алуда инвесторларды қолдап отыру бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды. 

7. Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты: 

1) сыртқы нарықтарға талдау жүргiзедi; 

2) отандық өңделген тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша жәрдем көрсетеді; 

3) отандық экспорттаушыларға сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, әлеуеттi экспорттық нарықтарды iздестiру және олардың тауарларын, көрсетiлетiн қызметтерiн сыртқы нарықтарға ілгерілету мәселелерi бойынша ақпараттық және консультациялық қызметтер көрсетедi; 

4) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету жөнінде iс-шаралар жүргiзедi; 

5) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мәселелерi бойынша отандық, шетелдiк және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 

6) сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындарының бiр бөлiгiн өтеу бойынша қызметтер көрсетедi; 

7) отандық өңделген тауарлардың және көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын ілгерілету мақсатында шетелдiк өкiлдiктер құрады. 

8. Даму институттарын, қаржылық ұйымдарды басқару жүйесін оңтайландыру жөніндегі шаралар және ұлттық экономиканы дамыту шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг: 

1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысады; 

2) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілеріне әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді; 

3) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 

9. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар: 

1) тиісті өңірдің инвестициялық тартымдылығын жақсарту бойынша талдамалық зерттеулер жүргізеді;  

2) инвесторлардың қызметін ақпараттық қолдап отыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде жергілікті және орталық мемлекеттік органдармен, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен кездесулер ұйымдастырады, инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдар, конференциялар мен семинарлар өткізеді, инвесторлардың өңірлік дерекқорын қалыптастырады және жүргізеді;  

3) өңірдің қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетеді, оның ішінде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпарат береді; 

4) инвесторлармен келіссөздердің қорытындылары бойынша қол жеткізілген ресми уағдаластықтардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді; 

5) өңірдің аумағында инвесторлардың қатысуымен іске асырылатын индустриялық-инновациялық жобаларға мониторинг жүргізеді;  

6) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компания және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктері инвестициялық тақырып бойынша ұйымдастырған, оның ішінде шет мемлекеттің аумағындағы іс-шараларға қатысады; 

7) инвестициялар тарту саласындағы ұлттық компанияға және оның өңірлік өкілдері мен өкілдіктеріне өңірдегі инвестициялық қызмет туралы, оның ішінде инвестицияларды қажет ететін индустриялық-инновациялық жобалар, инвесторлар туралы өзекті ақпаратты тұрақты түрде береді; 

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ өзге де ұйымдар көрсететін басқа да қызметтерді алу кезінде инвесторларды қолдап отыру бөлігінде "бір терезе" қағидаты бойынша инвесторлармен өзара іс-қимыл жасайды. 

10. Инвестициялар тарту саласындағы өңірлік ұйымдар облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының шешімімен айқындалады. 

Ескерту. 246-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 174-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...244‑1 245 246 247 248 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, на каком основании, меня, мать троих детей сняли с учета, я воспитываю детей одна, дети разнополые, ютимся в однокомнатной квартире.9 лет стояли и вот такое решение.С чего бы это? Налоги платим исправно, работаю в бюджетной организации, за все платим.По какому праву?Земли у нас нет, частного дома нет, миллионами не ворочаем-почему так с нами поступают? Слов нет от возмущения!!!!!


  • Невозможно осуществить регистрацию ЛИР. В соответствии с пунктом 2 статьи 16 Закона РК «О занятости населения» безработные, ранее снятые с учета в связи с нарушением порядка, условий или сроков регистрации либо участия в активных мерах содействия занятост Что это значит

Здравствуйте, скажите допускается ли возможность временного перевода работника с одной должности на другую на время замещения отсутствующего работника с соблюдением требований пункта 2 статьи-38 Трудового кодекса, согласно которому с согласия работника, оформляется внесением соответствующих изменений в трудовой договор и актом работодателя.

Статья-38 Перевод работника на другую работу

1. Переводом работника на другую работу является: 

1) изменение работы (трудовой функции) работника, то есть выполнение работы по другой должности, специальности, профессии, квалификации; 

2) поручение иной работы, при выполнении которой изменяются условия труда (размер заработной платы, режим рабочего времени и времен


Есть ли в Законе положение о радиационной и химической защите населения?


Скажите пожалуйста в вахтовым методе например 1месяц работа у нас ,сколько мы можем брать короткий день во время работы согласно кодексу???


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться