Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 257 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 21.09.2021

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
257-бап. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шаралары Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында айқындалған ерекшелiктер ескеріле отырып, осы Кодексте айқындалады. 

Мемлекеттiк қолдау түрлерi мен деңгейi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi. 

2. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларына: 

1) қоса қаржыландырумен бірге алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтiк қаржыландыру; 

2) қарыздар бойынша кепiлдiк мiндеттемелер және кепiлдiмелер ұсыну; 

3) қаржы институттары арқылы кредит беру; 

4) қаржы институттары беретiн кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау; 

5) жарғылық капиталдарға инвестицияларды жүзеге асыру; 

6) кепiлдендiрiлген тапсырыс; 

7) инновациялық гранттар беру; 

8) бiлiктi кадр ресурстарымен қамтамасыз ету; 

9) инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; 

РҚАО-ның ескертпесі!

10) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі).

10) жер учаскелерiн және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру; 

11) iшкi нарықта қолдау; 

12) шетелдiк инвестицияларды тарту; 

13) отандық өңделген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң экспортын дамыту және ілгерілету;  

14) еңбек өнімділігін арттыруды және аумақтық кластерлерді дамытуды қолдау; 

15) қаржы-экономикалық сауықтыру шеңберінде берешекті қайта құрылымдау жатады. 

3. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптік кешенiнде қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау осы Кодекске және "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады. 

4. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда қызметтi жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн дамытуды ынталандыру "Арнайы экономикалық және индустриялық" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi. 

5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметiн ынталандыру осы Кодексте айқындалады. 

6. Индустриялық және инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органдар, өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдау шараларын қарау, келiсу және ұсыну кезiнде мынадай өлшемшарттардың бiрiн: 

1) инновациялық – экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстердi, технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi жасау арқылы қызметтiң экономикалық тиiмдiлiгiн арттыруға бағыттылықты; 

2) бәсекеге қабілеттілік – шығарылатын өнімнің, көрсетілетін жұмыстардың және (немесе) ұсынылатын қызметтердің төмен өзіндік құнынан, олардың сұранысынан және оларды өндірудің, көрсетудің немесе ұсынудың экономикалық орындылығынан көрінетін, ұқсас индустриялық-инновациялық жобалармен салыстырғандағы артықшылықты; 

3) ауқымдылық – Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту үшiн индустриялық-инновациялық жобаны іске асырудың маңыздылығын; 

4) экспортқа бағдарланушылық – өндірістің өнім мен көрсетілетін қызметтер экспортына бағытталуын; 

5) еңбек өнімділігі – пайдаланылатын ресурстардың бірлігіне есептегенде өнім шығаруды сипаттайтын, өндіріс көлемі мен еңбек ресурстары шығындарының арақатынасын білдіретін өндіріс тиімділігінің көрсеткішін басшылыққа алуға міндетті. 

Ескерту. 257-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...255 256 257 258 259 ...324

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚР ҚПК 181 бабы 5 бөлігін қайдан табуға болады,қалай түсінеміз.Арыз жазған адамға осы жауап келіп тұр.


Добрый день!

подскажите, если у меня(физ.лицо) имеется нежилое помещение - я обязан ежегодно отчитываться по форме 700.00?


кратко-мальчик 14 лет совершил половой акт по инициативе девочки считая её своей ровесницей (так как она говорила что он у неё не первый) а фактически оказалось ей 12 лет , все действия совершенны по любви к друг другу и по обоюдному согласию и пониманием того что делали. теперь прокурор возбуждает уголовное дело по ст .120 ч.4 и грозит 20 годами. Мальчишка ещё не прожил столько лет, а за любовь и действия без умысла и не понимания ответственности такое обвинение. Для девочки тоже огромная психологическая травма, так как они продолжают любить друг друга ,и хотят пожениться при достижении возраста.И ситуация такова девочка растёт в неполной семье ,без отца.Мальчик вообще сирота ,родители умерли по болезни, а отец у него на глазах в тот период, мальчишка думал что нашёл свою любовь и понимание -а оказывается наоборот


Мектепке діни белгідегі немесе секталардың ұстамын білдіретін киім болмаса басқа белгілерді тағып келмеу туралы заң қай бапта көрсетілген


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться