Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 268 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.04.2021

ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
268-бап. Iшкi нарықта қолдау

1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне сервистiк қолдау көрсетудi және олардың отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеудi индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып жүзеге асырады. 

2. Iшкi нарықта индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiн сервистiк қолдау: 

1) жеке және заңды тұлғаларды тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорында өтеусiз тiркеу; 

2) әлеуеттi тапсырыс берушiлер, отандық тауар өндiрушiлер және жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердi отандық берушiлер туралы ақпаратты жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институтының интернет-ресурсына орналастыру арқылы жүзеге асырылады. 

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды берушiлердiң дерекқорын қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 

3. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу: 

1) индустриялық-инновациялық жобаның кешендi жоспарын әзiрлеуге немесе оған сараптама жасауға тартылған консалтингтiк ұйымдардың қызметiне ақы төлеу; 

2) отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарды өтеу арқылы жүзеге асырылады. 

Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарықта ілгерілету бойынша шығындарының бiр бөлiгiн өтеу қағидаларын индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган бекiтедi. 

4. Жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi орган мен жергiлiктi қамтуды дамыту саласындағы ұлттық даму институты арасында жасалатын шарт негiзiнде индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа ілгерілету бойынша шығындарын өтеуге бөлiнген қаражатты басқаруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының резидентi – екiншi деңгейдегi банкте ағымдағы шот ашады. 

Қаржы жылының соңына есептелетiн ағымдағы шоттағы қаражат қалдықтары индустриялық қызметтi мемлекеттiк қолдау саласындағы уәкiлеттi органға және тиiсiнше мемлекеттiк бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесi қаржы жылында индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi iшкi нарыққа ілгерілету бойынша шығындарын өтеуге жұмсалады. 

Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...266 267 268 269 270 ...324

Перейти к статье

Лучшие юристы

Елена
Арман
Жаданов Назар
Александр
Мадияр

Все юристы

Новые комментарии на сайте

если субъект воспользовавшись правом изменения тарифа на процент индексации, не информировал за 30 дней об изменении тарифа, но остальные все процедуры были соблюдены, имеет ли право монопольный орган оштрафовать субъект?


Здраствуйте. Я студентка но могу дать совет скажем. Если поломка было до того как вы купили и продавец знал это и промолчал то он обязан вам выплатить ущерб .Главное здесь выяснить проблему когда появилась если она было до того как купили вы можете потребовать деньги за ремонт


Здравствуйте, ТОО на упрощенке, без НДС.Обязаны выписывать ЭСФ?


Здравствуйте, влечет ли штраф не своевременная сдача 1услуги годовая 2021г. при удаленной работе , с какой даты должно быть исполненно сдача отчетности с даты вручения уведомления или с даты направления уведомления?


Здравствуйте, подскажите пожалуйста возможно ли сумму пени налога, перевести на основную, если истёк срок давности?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться