Ст. 283-3 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
283-3-бап. Инвесторлар тізілімі
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы деректерді пайдалану үшін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган инвесторлар тізілімін жүргізеді.
2. Инвесторлар, инвестициялардың сомалары, инвестициялық жобалардың түрлері, оларды іске асыру кезеңдері туралы мәліметтерді және Қазақстан Республикасының аумағындағы инвестициялық қызмет туралы басқа да мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор инвесторлар тізілімі болып табылады.
3. Инвесторлар тізілімі инвестициялық жобаларды кешенді қолдап отырудың бірыңғай ақпараттық жүйесі болып табылатын Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада қалыптастырылады, оны құруды, басқаруды және техникалық қолдауды инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
4. Мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор ұйымдары инвестициялар жөніндегі уәкілетті органға инвесторлар және олардың инвестициялық жобалары туралы мәліметтердің ұсынылуын, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің Ұлттық цифрлық инвестициялық платформада инвесторлар тізілімімен интеграциялануын қамтамасыз етеді.
5. Инвесторлар тізілімін қалыптастыру, жүргізу мен пайдалану, Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаның жұмысын ұйымдастыру, мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектор ұйымдарының ақпараттандыру объектілерін интеграциялау тәртібін инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. Кодекс 282-2-баппен толықтырылды – ҚР 30.12.2024 № 149-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Саламатсыз ба! Сынып жетекшіге сыныбындағы оқушының түнгі уақытта төбелескені үшін сөгіс берілуі қаншалықты заңды
Добрый день, подскажите пожалуйста, в 2022 году встала в очередь на жилье с двумя детьми, как неполная семья. Очередь не дождалась, взяла кредит и в 2024 году приобрела жильё. Снимут ли меня с очереди?
Или подать апелляционную жалобу в апелляционный суд области без ходатайство о восстановлении сроки обжалования данного решения суда
И еще я могу подать на них возмещение материального и морального вреда как физлицо
Для обжалования данного решения суда от меня потребуется ходатайство о восстановлении срока обжалования а апелляционную инстанцию и могу я указать там эту причину, так как в 2009 году данное решение суда было признано самим банком-приобретателем активов и обязательств незаконным и данная сумма должна была быть списана а в ДЮ на меня никаких задолженности по неисполненным судебным актам нету есть справка
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей