Ст. 307 Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V ҚРЗ
ҚР Кәсіпкерлік Кодексі
307-бап. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл ұғымы
1. Мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне өкілдік ету, оларды қамтамасыз ету және қорғау мақсатында, сол сияқты кәсіпкерлік қоғамдастықтың мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен лауазымға тағайындалатын адам Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл болып табылады. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.
2. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілге осы Кодексте көзделмеген функцияларды жүктеуге ешкімнің құқығы жоқ. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің қызметіне қандай да бір заңсыз араласуға жол берілмейді.
3. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиялардағы және өзге де қоғамдық бірлестіктердегі өзінің мүшелігін тоқтата тұрады.
4. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл саяси қызметпен айналысуға құқылы емес.
5. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметке кіріскеннен кейін белгіленген тәртіппен бір ай ішінде осы адамға заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, өзінің меншігіндегі коммерциялық ұйымдардың үлестерін, акцияларын (акциясын), жарғылық капиталға қатысу үлестерін және пайдаланылуы кіріс алуға әкелетін өзге де мүлікті өз лауазымын атқару уақытында сенімгерлік басқаруға беруге міндетті. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл өзіне тиесілі облигацияларды, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын сенімгерлік басқаруға бермеуіне болады, сондай-ақ сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен кіріс алуға құқығы бар және тұрғын үйді мүліктік жалға беруге құқылы.
6. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, басқа ұйымдарда ақы төленетін лауазымдарды атқара алмайды.
Лучшие юристы





Здравствуйте, каков порядок реорганизации школ в РК? Как происходит процедура реорганизации? Где можно ознакомится с порядком и правилами осуществления реорганизации основной школы в начальную?
добрый день по вашему вопросу по применению 190 УК РК не возможно
Добрый день надо ознакомится с документами
Здравствуйте, Всё началось в сентябре месяце 2022 года. Мошенники завладели моим имуществом машиной Субару Форестер и квартирой. Заведено уголовное дело № 227580031000990 по ч. 3 ст. 190 УК РК (мошенничество). Можно ли признать сделки не действительными? Меня выселяют из квартиры. А это моё единственное жильё. Я пенсионерка, мне 66 лет. Прошу вас о помощи. Что нужно дела? Дело находиться в Департаменте Полиции. Мошенники задержаны. Как то так.
Здравствуйте, подруга часто просила деньги в долг я ей занимала , всегда возвращала вовремя . В один день попросила взять кредит для нее , я взяла уже год данный человек не платит кредит . В суд писала дали исполнительный лист , имущества на данном человеке не зарегистрировано. В рувд сказали написать в Министерство юстиции по бездействию судебного исполнителя . Суд же принял заявление и решение было в мою пользу , но Элянур не платила кредит , после чего мне дали исполнительный лист для обращения в рувд . Как мне применить статью 190 РК у данному человеку ?! Помогите решить вопрос
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей