Ст. 101 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
101-бап. Лайықты жұмыс
1. Кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көлікпен жетудің қолжетімді болуына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі. 2. Жұмыс іздеуші адамның немесе жұмыссыз адамның келісуімен ғана тұрғылықты жерін өзгертуге байланысты лайықты жұмыс ұсынылуы мүмкін.
Тұрғылықты жерден лайықты жұмысқа көлікпен жетудің қолжетімділігін мансап орталықтары қоғамдық көлік қозғалысы маршруттарының болуын және лайықты жұмыстың тұрғылықты жерден қашықтығын ескере отырып айқындайды.
3. Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ екі жылдан артық жұмысы болмаған адамдар үшін алдын ала кәсіптік даярлауды талап ететін жұмысты, ал оны ұсыну мүмкін болмаған жағдайда – адамдардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктері және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптары ескеріле отырып, ақы төленетін басқа жұмысты (уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
4. Мүгедектігі бар адам үшін оның тыныс-тіршілігінің шектелу дәрежесі ескеріле отырып, оған қолжетімді болуы қамтамасыз етілген жағдайдағы жұмыс, ал үш жасқа дейінгі балаларды күтумен айналысатын адамдар үшін икемді және толық емес жұмыс уақыты режиміндегі жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі.
5. Алдын ала даярлықты талап ететін немесе талап етпейтін (азаматтардың жас шамасы мен өзге де ерекшеліктерін ескере отырып) уақытша сипаттағы жұмыс:
1) бірінші рет жұмыс іздеп жүрген (бұрын жұмыс істемеген) және бұл ретте біліктілігі жоқ;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттер және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары;
3) тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар;
4) ұзақ (екі жылдан астам) үзілістен кейін еңбек қызметін қайта жалғастыруға талпынғандар, сондай-ақ мансап орталықтары оқуға жібергендер және дәлелсіз себеппен оқуын тоқтатқандар;
5) жұмысынан айырылу жағдайы бойынша төленетін әлеуметтік төлем тоқтатылғаннан кейін кәсіптік оқытудан немесе қосымша білім алудан бас тартқан адамдар қатарындағы жұмыс іздеуші адамдарға және жұмыссыздарға лайық деп есептеледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей