Ст. 162 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
162-бап. Мүгедектігі бар адамдарға протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын беру
1. Мүгедектігі бар адамдар жеке бағдарламаға сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін қызметтердің сыныптаушысына сәйкес есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі. 2. Есту протезі көмегімен, протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда қамтамасыз ету осы Кодекстің 169-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.
3. Протездік-ортопедиялық көмек протездеу, мүгедектігі бар адамдарды жеке тапсырыстар бойынша дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.
Протездік-ортопедиялық көмекті көрсетуші дайындалатын протездік-ортопедиялық құралдың сипаттамасына байланысты стационарлық протездеу қажеттілігін айқындайды.
Есту протезі көмегі протездеу бойынша медициналық қызметтер көрсетуден, кохлеарлық импланттың сөйлеу процессорын ауыстыру және теңшеу бойынша қызметтер көрсетуден, сондай-ақ оларды пайдалануды үйретуден тұрады.
Стационарлық протездеуге және (немесе) протездеуге баруға байланысты шығыстарды төлеу уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен жеке бағдарламаға сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етіледі.
5. Жұмыс беруші-дара кәсіпкердің қызметі тоқтатылған немесе заңды тұлға таратылған, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайларда жұмыс берушінің кінәсінан жұмыста мертіккен немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектігі бар адамға протездік-ортопедиялық көмек, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдары осы баптың 1-тармағына сәйкес беріледі.
6. Техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сертификаттау жүйесінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан міндетті түрде сертификаттауға жатады.
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей