Ст. 191 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
191-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібі
1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамның өтініші арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға негіз болып табылады.
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы тағайындалған кезде "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы өтініш беру талап етілмейді.
2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау үшін жүгіну арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы туындағаннан кейін қандай да бір мерзіммен шектелмей, кез келген уақытта жүзеге асырылады.
3. Осы Кодекстің 190-бабы 3-тармағының 11) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істегені туралы мәліметтер қамтылатын еңбек кітапшасы немесе өзге де құжаттар жұмыс өтілін растайтын құжат болып табылады.
1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында жұмыс істеген фактіні растайтын құжаттар болмаған кезде жұмыс өтілін уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен құрылатын арнаулы комиссиялар белгілейді.
4. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейді және бекітеді.
5. Уәкілетті мемлекеттік орган:
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген қалалар мен кезеңдердің тізбесін;
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңдердің тізбесін;
ұрыс қимылдарына қатысқан кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттердің, аумақтар мен кезеңдердің тізбесін;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін наградаларға жатқызылған, наградтау кезінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалатын бұрынғы КСР Одағы медальдарының тізбесін бекітеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей