Ст. 210 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
210-бап. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу
1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу осы Кодекстің 211-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.
2. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық кіріс негізге алына отырып жүзеге асырылады.
Осы баптың 3-тармағына сәйкес айқындалатын кірісті қоспағанда, орташа айлық кірістің мөлшері уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жинақтаушы зейнетақы қорларына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналары, Қорға әлеуметтік аударымдар жүзеге асырылған кіріске сай белгіленеді.
3. "Байқоңыр" кешенінің ресейлік ұйымдарында жұмыс істеген адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан басталған кезең үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемелеріне 0 түзету коэффициенті қолданылған қызмет түрлері бойынша еңбек, кәсіпкерлік қызмет, жеке практикамен айналысқан кезеңдері үшін, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 341-бабы 1-тармағының 51) тармақшасына сәйкес 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазан аралығында кірістері жеке тұлғаның салық салуға жататын кірістерінен алып тасталған қызметті жүзеге асыру кезеңі үшін орташа айлық кірістің мөлшері кірістер туралы анықтамамен расталатын кіріске сәйкес белгіленеді.
Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін жүгінген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамы бойынша Ресей Федерациясының валютасымен төленген кіріс мөлшері негізге алына отырып жүргізіледі.
4. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық көлемде осы Кодекстің 207-бабының 1 – 3-тармақтарында белгіленген жасқа толғанда азаматтардың мынадай санаттарына:
1) ерлерге – 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде жиырма бес жыл еңбек өтілі болған кезде;
2) әйелдерге – 1998 жылғы 1 қаңтарда кемінде жиырма жыл еңбек өтілі болған кезде тағайындалады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5-тармақтың 01.01.2028 бастап қолданыста енгізілетін редакциясын осы Кодекстің 263-бабынан қараңыз.
5. Талап етілетін еңбек өтілінен артық 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1 пайызға ұлғайтылады, бірақ бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін есепке алынатын кірістің 75 пайызынан аспайды.
Егер жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің толық көлемде есептелген мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен зейнетақы мөлшерінен аз болса, жасына байланысты зейнетақы төлемдері ең төмен зейнетақы мөлшерінде тағайындалады.
6. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде осы Кодекстің 207-бабының 1 – 3-тармақтарында көрсетілген азаматтардың санаттарына олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.
7. Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері жасына байланысты толық көлемдегі зейнетақы төлемінің үлесі ретінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне барабар түрде есептеледі.
8. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей