Ст. 224 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
224-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру
1. Міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдері: 1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында, 221-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен белгіленген кесте бойынша ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде;
2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында, 221-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарға зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері түрінде жүзеге асырылады.
2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарынан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен әдістемеге сәйкес айқындалады.
Ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігін зейнетақы төлемдерін алушы дербес белгілейді.
3. Осы Кодекстің 220-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында, 4-тармағында және 221-бабы 1-тармағының 1) – 3) тармақшаларында, 3-тармағында көрсетілген адамдарға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтарын төлеу "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, алушыда бар зейнетақы жинақтары шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жеке табыс салығы түріндегі ұстап қалулар ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері:
осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының екінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс;
осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының үшінші абзацында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс;
осы Кодекстің 220-бабы 3-тармағының төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы алушының міндетті зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының мөлшерінен аспауға тиіс.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдері үшін уәкілетті оператор ашқан арнаулы шоттарға аударады.
5. Уәкілетті оператор міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомаларын аударуға, есепке жатқызуға және төлеуге байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді, оларды айырбастау, біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуға және (немесе) кейіннен аударуға байланысты банктік қызметтерге ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Уәкілетті оператордың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде осы Кодекстің 220-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдарға міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банктік көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу көрсетілген адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
6-параграф. Сақтандыру ұйымдарынан төленетін сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей