Ст. 234 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
234-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы және оны тағайындау шарттары
1. Қайтыс болған асыраушының асырауында болған отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелерінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл ретте балаларға және осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға жәрдемақылар олар асыраушының асырауында болған-болмағанына қарамастан тағайындалады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
2. Мыналар:
1) он сегіз жасқа толмаған және егер он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедектігі бар адамдар болып танылса, осы жастан асқан балалары (оның ішінде асырап алған балалары, өгей балалары), аға-iнiлерi, апа-сіңлілері (қарындастары) және немерелері, бұл ретте, егер еңбекке қабілетті ата-аналары болмаса – аға-інілері, апа-сiңлiлерi (қарындастары) және немерелері, егер ата-аналарынан алимент алмаса – өгей балалары отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі.
Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу құқығы бар кәмелетке толмағандар бұл құқықты өздері асырап алынған кезде де сақтайды;
2) егер осы Кодекстің 207-бабына сәйкес зейнеткерлік жасына жетсе – әкесі, шешесі (оның ішінде асырап алушылар), зайыбы, жұбайы;
3) егер қайтыс болған асыраушысының сегіз жасқа толмаған балаларын, інілерін, сіңлілерін (қарындастарын) немесе немерелерін күтумен айналысса және жұмыс істемейтін болса – жасы мен еңбекке қабілеттілігіне қарамастан ата-аналардың немесе жұбайлардың біреуі не атасы, әжесі, аға-iнiсi немесе апа-сiңлiсi (қарындасы);
4) егер олар осы Кодекстің 207-бабына сәйкес зейнеткерлік жасқа жетсе және оларды асырауға міндетті адамдары болмаса және өмір сүру үшін басқа қаражат көздері жоқ болса, атасы мен әжесі отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері болып есептеледі.
3. Академиялық демалыста болу кезеңін қоса алғанда, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқитын он сегіз жастан асқан азаматтардың оқу орнын бітіргенге дейін, бірақ жиырма үш жастан асырмай асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.
4. Қайтыс болған адамның отбасы мүшелері, егер олар оның толық асырауында болса немесе одан өздері үшін өмір сүрудің тұрақты және негізгі қаражат көзі болған көмекті алып тұрса, оның асырауында болған деп есептеледі.
5. Ата-анасының екеуінен де айырылған балаларға (тұлдыр жетімдерге) тағайындалған асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар олардың заңды өкіліне төленеді.
6. Осы параграфтың қайтыс болғандардың отбасыларына қатысты барлық нормалары, егер бұл фактілер сот тәртібімен белгіленген болса, тиісінше хабарсыз кеткендердің немесе қайтыс болды деп жарияланғандардың отбасыларына да қолданылады.
7. Бір мезгілде мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларға құқығы бар адамдарға олардың таңдауы бойынша бір жәрдемақы тағайындалады.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын адамның өтініші негізінде уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен өтініш барлық қажетті құжаттарымен бірге Мемлекеттік корпорацияда тіркелген күннен бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының бір түрінен екіншісіне ауыстыру жүргізіледі.
8. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы жәрдемақыға құқығы туындаған күннен бастап, бірақ барлық қажетті құжаттармен бірге жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған күнге дейін он екі айдан аспайтын уақытқа немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес проактивті көрсетілетін қызмет арқылы жәрдемақы тағайындауға келісім алған күнге дейін тағайындалады.
9. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы осы бапқа сәйкес қайтыс болған адамның отбасы мүшесі еңбекке қабілетсіз болып есептелетін бүкіл кезеңге, ал осы Кодекстің 207-бабына сәйкес зейнетақы төлемдерін алу құқығын беретін жасқа толған отбасы мүшелеріне өмір бойына белгіленеді.
10. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болған заңнамаға сәйкес асыраушысынан айырылу бойынша зейнетақы тағайындалған адамдарға 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап бюджет қаражаты есебінен 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін іс жүзінде алған зейнетақы мөлшерінен кем емес мөлшерде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төленеді.
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей