Ст. 236 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
236-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері
1. Асыраушысынан айырылған адамдарға мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруі ескеріле отырып төленеді. 2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының ең жоғары мөлшері оның отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшесіне 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде тағайындалады.
3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік жәрдемақының мөлшері:
отбасының еңбекке қабілетсіз бір мүшесі болған кезде – ең төмен күнкөріс деңгейінен 0,92;
екі мүшесі болған кезде – барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 1,70 ең төмен күнкөріс деңгейі;
үш мүшесі болған кезде – барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,25 ең төмен күнкөріс деңгейі;
төрт мүшесі болған кезде барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,60 ең төмен күнкөріс деңгейі;
бес мүшесі болған кезде – барлық еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне 2,75 ең төмен күнкөріс деңгейі тағайындалады.
Отбасының еңбекке қабілетсіз алты және одан да көп мүшесі болған кезде жәрдемақының мөлшері әрқайсысына 3,00 ең төмен күнкөріс деңгейінің тең үлесі ретінде есептеледі.
4. Ата-анасының екеуінен де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы әрбір балаға 1,54 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелеріне – 0,62 ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке қабілетсіз барлық мүшелеріне 2,92 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерде тағайындалады.
5. Қызметтік міндеттерін атқару немесе әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан немесе жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар, ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің отбасы мүшелеріне асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақының мөлшері жүгінген күннен бастап отбасының еңбекке қабілетсіз әрбір мүшесіне 0,29 ең төмен күнкөріс деңгейіне, бірақ отбасының барлық мүшелеріне 2,92 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын мөлшерге ұлғайтылады.
6. Егер отбасының еңбекке қабілетсіз мүшесі алатын жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша алатын айлық жәрдемақының мөлшерінен аз болса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы төлеу жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне отбасының еңбекке қабілетсіз осы мүшелері үшін белгіленген, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейінгі тиісті қосымша төлемдер түрінде жүргізіледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей