Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 241 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 28.11.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
241-бап. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұру, қайта бастау және тоқтату

1. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем мынадай мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден:  

1) алушының банктік шоты бойынша үш және одан да көп ай бойы шығыс операцияларының болмауы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады;  

2) алушының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кетуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады.  

Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем алушы болып табылатын Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен және кері қайтып келген адамға шығу елінде төлем алмаған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатылған күннен бастап, бірақ оны алуға жүгінудің алдындағы үш жылдан аспайтын уақытқа асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайта басталады.  

Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен кезде белгіленген мөлшерде қайта басталады. Егер кету кезеңінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді арттыру жүргізілсе, оның мөлшері осы арттыруларды ескере отырып белгіленеді.  

Шығу елінде төлемдерді алған болса, Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелген жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүгінген күннен бастап, Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету кезінде белгіленген мөлшерде қайта басталады;  

3) алушының бас бостандығынан айыру түрінде сот тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қорғаншы (қамқоршы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;  

4) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжатының, қандас куәлігінің қолданылу мерзімінің өтуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің және азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат, қандастың куәлігі берілген күннен бастап қайта басталады;  

5) алушыға және (немесе) асырауындағыларға қатысты хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін растайтын құжаттың немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің болуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем хабарсыз кеткен адамды іздестіру жөніндегі жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылған немесе адамды хабарсыз кетті деп тану туралы сот шешімінің күшін жою туралы сот актісі күшіне енген күннен бастап, бірақ тоқтатыла тұрған күннен кейін қайта басталады;  

6) Алушының "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтатуы туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжат берілген күннен бастап қайта басталады;  

7) он сегіз жастан асқан алушыны (асырауындағы адамды) білім беру ұйымынан шығару туралы немесе оны сырттай оқу нысанына ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқуды қайта бастаған күннен бастап қайта басталады;  

8) алушының қайтыс болуы (оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне енуі) туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қамқоршы (қорғаншы) тағайындаған адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;  

9) алушыны ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы, баланы асырап алу туралы шешімді жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру кезінде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем ата-ана құқықтарын қалпына келтіру немесе шектеулердің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап қайта басталады;  

10) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда қамқоршыны (қорғаншыны) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қамқоршы (қорғаншы) болып тағайындалған адамға немесе қамқоршы (қорғаншы) мәртебесі қалпына келтірілген адамға тоқтатыла тұрған күннен бастап жүргізіледі;  

11) хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған адамдардың жеке зейнетақы шоттарына әлеуметтік аударымдардың, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының келіп түсуі немесе азаматтың тірі болу фактісін растайтын ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте, егер азаматтың тірі екені расталса, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатылады, расталмаған жағдайда – әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта басталады; 

12) өтініш берушінің асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін негізсіз айқындауға алып келген анық емес мәліметтер бергені туралы мәліметтер, оның ішінде ақпараттық жүйелерден мәліметтер түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатыла тұрады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап осы Кодекске сәйкес айқындалған мөлшерде қайта басталады.  

2. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем күтім бойынша әлеуметтік төлем алу құқығы сақталған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтата тұруды туындатқан мән-жайлардың аяқталғанын растайтын, ақпараттық жүйелерден алынған құжаттардың және (немесе) мәліметтердің негізінде өтініш бойынша қайта басталады.  

3. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем:  

1) алушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау туралы шешім қабылдауға негіз болған анық емес құжаттарды (мәліметтерді) ұсынуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем оның тағайындалған күнінен бастап тоқтатылады;  

2) алушының асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тоқтатуға өтініш беруіне байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем өтініш берілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады;  

3) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған жалғыз адамның қайтыс болуына байланысты тоқтатылады. Бұл ретте асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем қайтыс болған айды қоса алғанда жүзеге асырылады;  

4) қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамның мүгедектігін белгілеу мерзімі аяқталған күннен бастап тоқтатылады;  

5) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі қайтыс болған (сот хабарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған адамды еңбекке қабілетті деп тану туралы шешім шығарған жағдайда, ол еңбекке қабілетті деп танылған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады.  

Ескерту. 241-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 04.07.2023 № 15-VIII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫНА ЖЕРЛЕУГЕ АРНАЛҒАН БІРЖОЛҒЫ ТӨЛЕМДЕР

Статья 1 ...239 240 241 242 243 ...263

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Здравствуйте ! Можно ли отозвать работника из очередного оплачиваемого отпуска день в день?


Здравствуйте, можно ли в одном свидетельстве о наследстве указать все виды имущества: квартиры, машины, счета? Или на каждое имущество обязательно должно быть отдельное свидетельство?


Добрый день, на основе ст 87 ТК РК и п 6.: отпуск на постановку на медицинский учет по беременности до двенадцати недель в количестве не менее трех рабочих дней, могу ли я запросить отпуск после 12 недель, чтобы пройти обследование у узких специалистов, требующих свое заключение на постановку на учет по беременности? И могу ли оформить социальный отпуск раздельно по 1 дню в дни записи к врачам?


Основы права является также частью образовательной программы и они не имеют право его полностью убирать или заменять. Это прописано в Приказе Министра просвещения Республики Казахстан от 3 августа 2022 года № 348 «Об утверждении государственных общеобязательных стандартов дошкольного воспитания и обучения, начального, основного среднего и общего среднего, технического и профессионального, послесреднего образования» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 01.09.2024 г.) Пункт - 25. Содержание образования по учебным предметам стандартного уровня естественно-математического направления: Подпункт 3)Основы права, то есть этот предмет является также важной частью школьной программы. Почитай Закон "Об образовании" РК и приказ министра который я упомянул выше.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться