Ст. 260 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
260-бап. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 1-тармағында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген құқықтардан басқа: 1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
2) тексеру субъектілерінен өздеріне жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті түсініктемелерді сұратуға және алуға;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік әлеуметтік қорғау бас инспекторы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы тексеру нәтижелері негізінде бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою, олардың профилактикасы, оларды болғызбау, жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау туралы нұсқама шығаруға құқылы.
3. Мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 154-бабының 3-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа:
1) тексеру нәтижелері бойынша уақтылы шаралар қабылдауға және әлеуметтік қорғау саласында бұзушылық фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген ден қою актілерін шығаруға;
2) әлеуметтік жұмыскер біліктілік талаптарына және арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін, өздеріне қойылатын талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда әлеуметтік жұмыскерді жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға;
3) арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін фактілер анықталған жағдайда тексерілетін субъектінің лауазымды адамдары мен жұмыскерлерін жұмыстан уақытша шеттету туралы нұсқама шығаруға міндетті.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей