Ст. 60 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ
ҚР Әлеуметтік Кодексі
60-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудит
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына аудитті Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудит жүргізуге құқығы бар аудиторлық ұйым жүргізеді. 2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық есептілігінің аудиторлық есебі коммерциялық құпияны құрамайды.
3. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;
3) меншікті қаражат бойынша үш аудиторлық есеп жасайды.
Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының жыл сайынғы міндетті аудитінің нәтижелері бойынша аудиторлық ұйым:
1) меншікті активтер жөніндегі қаржылық есептілік;
2) зейнетақы активтері жөніндегі қаржылық есептілік бойынша екі аудиторлық есеп жасайды.
4. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша жыл сайынғы аудиторлық есеп бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтеріне қатысты бухгалтерлік есепке алуды жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеруді қамтиды.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының жыл сайынғы міндетті аудиті бойынша шығыстар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Лучшие юристы





Здравствуйте! скиньте на этот Эл. адрес ([email protected]) и ИИН Вашего сына и телефон Ваш Мы поможем Вам! это не законно!
Добрый день! Мой сын, которому сейчас 22 года, имеет задолженность по нескольким кредитам, в одном банке, в связи с отсутствием сейчас постоянного места работы. Его дело направленно в суд ( со слов судебного исполнителя). Теперь судебный исполнитель направил письмо на мое место работы, чтобы мой Работодатель дал мне 2 месяца без содержания, для того чтобы я явилась в суд в гАлматы(я проживаю в гАстана)вместе с сыном, потому что я, яко-бы, являюсь его(сына) гарантом. Я ни одного договора не подписывала. ВОПРОС: Имеет ли право судебный исполнитель отправлять письмо мне на работу?
И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей