Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 166 ҚР Еңбек кодексi 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.05.2023

ҚР Еңбек кодексi
166-бап. Еңбек төрелігі

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 15.02.2023 № 199-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Еңбек төрелігін ұжымдық еңбек дауының тараптары татуластыру комиссиясының жұмысы тоқтатылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құрады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 15.02.2023 № 199-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

2. Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның дербес құрамы, еңбек дауын қарау тәртібі тараптардың келісімімен тепе-теңдік негізде айқындалады. Еңбек төрелігі кемінде бес адамнан тұруға тиіс. Еңбек төрелігінің құрамына мемлекеттік еңбек инспекторы кіреді. 

Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды. 

3. Еңбек төрелігінің төрағасын төрелік мүшелері өздерінің арасынан сайлайды. 

4. Еңбек төрелігі ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауының тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болған кезде басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің қатысуымен де қарайды. 

5. Дауды қарау рәсімін еңбек төрелігі айқындайды және ол ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізіледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 15.02.2023 № 199-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 15.02.2023 № 199-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Еңбек төрелігінің шешімі ол құрылған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек төрелігі мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім уәжді болуға, жазбаша нысанда жазылуға және оған төрелік мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс. 

7. Татуластыру комиссиясында ұжымдық еңбек дауы тараптары келісімге қол жеткізбеген кезде, Қазақстан Республикасының заңдарымен ереуілдер өткізу тыйым салынған немесе шектелген ұйымдарда еңбек төрелігінің құрылуы міндетті. 

8. Еңбек төрелігінің шешімі ұжымдық еңбек дауы тараптарының орындауы үшін міндетті болады. 

9. Еңбек төрелігінің шешімі белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда, тараптардың дауды шешуді сот тәртібімен жүзеге асыруға құқығы бар. 

Ескерту. 166-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 04.05.2020 № 321-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...164 165 166 167 168 ...204

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Добрый день! Обязано ли представлять декларацию ф.270 если человек уволен с госслужбы,


У меня в придомовом подземном паркинге украли вещи на сумму более 40тыс тенге. Есть видео лиц, которые украли. Эти же люди пару дней назад, украли у другого человека тоже. Но следователь утверждает, что паркинг общественное место, и вещи мной там оставленные в случае кражи кем-то неизвестным, не является кражей, а просто становится его находкой. И дело прекращается автоматически на следующие сутки за неимением состава преступления. Это правильно?


Сәлеметсіз бе, Сізге түкте болмайды, сатып алмая қойыңыз. Звандап-звандап қояды өздері


Салеметсізбе интернет магазинге бағасын білмеи заказ жасадым мини деревья енді олар заказды ал деп жатыр мен отказат бердім сотқа береміз деп коркытып жатыр не істеуге болды жолдасым төлемінін керек емес дейді қоркып отырмын сонда отказ жасауға болмаима әлі алған жоқпын почтада жатыр заказ аитыншы не істеуге болады ақша да жоқ алуға .


Салеметсіз бе салық баскармасының кабинетине эцп кілт арқылы арыз жазасыз на возрват денег деген


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться