Ст. 124 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
124-бап. Тәрбие жұмысы
1. Сотталғандармен тәрбие жұмысы олардың түзелуіне, заңдардың талаптарын сақтауға, еңбекке және өзге де қоғамға пайдалы қызметпен айналысуға, білім деңгейі мен мәдени деңгейін арттыруға, сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бағдарламаларға қатысуға ұмтылысын қалыптастыру мен нығайтуға бағытталған. 2. Мекемелерде қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес, имандылыққа, әлеуметтік-құқықтық, еңбекке, дене шынықтыруға тәрбиелеу және өзге де тәрбие түрлері жүзеге асырылады.
3. Сотталғандармен тәрбие жұмысы түзеу мекемесінің түрі, жаза мерзімі, ұстау жағдайлары ескеріле отырып, сараланып ұйымдастырылады. Ол психологиялық-педагогикалық әдістер қолданыла отырып, жеке, топтық және көпшілік нысандарда жүзеге асырылады.
Әрбір сотталған адаммен тәрбие жұмысы оның жеке басының дара ерекшеліктері мен жасаған қылмыстарының мән-жайлары ескеріле отырып жүргізіледі.
4. Сотталғандардың тәрбиелік іс-шараларға қатысуы оларға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану, сондай-ақ олардың мінез-құлқын бағалау кезінде ескеріледі.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей