Ст. 144 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
144-бап. Толық қауіпсіз мекемелер
1. Толық қауіпсіз мекемелерде жаза мерзiмiнiң бір бөлiгiн толық қауіпсіз мекемеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге сотталғандар, сондай-ақ орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар ұсталады.
Сотталғандар толық қауіпсіз мекемелерде осы Кодекстiң 89-бабында көрсетiлген негiздер бойынша да ұсталуы мүмкiн.
2. Толық қауіпсіз мекемелерде қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлар белгiленедi.
3. Дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің бір бөлігін толық қауіпсіз мекемеде өтеумен, бес жылдан астам мерзімге бас бостандығын айыруға сотталғандар мен қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.
4. Орташа қауіпсіз және қауіпсіздігі барынша жоғары мекемелерде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар, қасқөйлікпен бұзушы деп танылған, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын қатаң жағдайларда өтейді.
Бұл ретте, өтеудің қатаң жағдайларында өтеу мерзімі сотталғанның толық қауіпсіз мекемеге нақты келген күнінен бастап есептеледі.
5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды.
6. Жаза мерзімінің кемінде бір жылын өтегеннен кейін, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілгеніне не қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстырылады.
Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей