Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 177 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 10.07.2026

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
177-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Кодекс, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тарауды, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 78-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1) тармақшасын қоспағанда, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. 

2. Осы Кодекс қолданысқа енгізілген күннен бастап: 

1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап күшін жоятын 58-бапты және Қылмыстық-атқару кодексіне Қосымшаның 1-тармағын қоспағанда, 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 337-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; № 8, 189-құжат; № 18, 339-құжат; 2001 ж., № 8, 53-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 23-24, 192-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 23, 139, 142-құжаттар; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; № 24, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 19-құжат; № 19, 145-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; 2013 ж., № 1, 2-құжат; № 13, 62-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат); 

2) "Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін күшіне енгізу туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 338-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2003 ж., № 24, 180-құжат; 2009 ж., № 24, 128-құжат); 

3) "Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің жалпы және қатаң режимдердегі түзеу колонияларында, сондай-ақ тәрбиелеу колонияларында жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ұстаудың жеңілдікті жағдайлары жөніндегі ережелерін қолданысқа енгізу туралы" 2000 жылғы 13 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 18, 339-құжат) күші жойылды деп танылсын. 

Қазақстан Республикасының

Президенті
Н. Назарбаев
 
  Қазақстан Республикасының
Қылмыстық-атқару кодексіне
Қосымша
 

Сот үкімі бойынша тәркіленуге жатпайтын мүлік тізбесі


Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР 03.12.2015 № 433-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 

Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті, оған жеке меншік құқығымен тиесілі немесе ортақ меншіктегі оның үлесі болып табылатын мынадай мүлік түрлері мен заттар тәркіленуге жатпайды: 

1) алаңы тұрғын үй заңнамасында отбасының әрбір мүшесіне белгіленген нормативтерден аспайтын, сотталған адам мен оның отбасының жалғыз тұрғын үйі; 

2) тәркіленуге жатпайтын үй және шаруашылық құрылыстары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскелері; 

3) негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылатын адамдардан – шаруашылық құрылыстары және саны оның отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажетті үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп; 

4) ауыл шаруашылығы дақылдарының кезекті егісі үшін қажетті тұқым; 

5) үй жабдығы заттары, керек-жарақ, киім: 

киіліп жүрген киім, аяқкиім, ішкиім, қолданылып жүрген төсек жабдықтары, ас үй және асхана керек-жарағы. Теріден жасалған және басқа да бағалы киім, асхана сервиздері, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдік құндылығы бар заттар тәркіленуі мүмкін; 

сотталған адам мен оның отбасы мүшелері үшін қажеті барынша аз жиhаз; 

балалардың барлық керек-жарақтары; 

6) егер сотталған адамның негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болып табылса, сотталған адам мен оның отбасы үшін жаңа өнім жинағанға дейін қажетті көлемдегі тамақ өнімдері, ал қалған жағдайларда – Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мөлшердегі жалпы сомаға тамақ өнімдері мен ақша; 

7) тамақ дайындауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын; 

8) сотталған адам сот үкімімен тиісті қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе мүкәммал оның қылмыс жасауы үшін пайдаланылған не қылмыстық құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған жағдайларды қоспағанда, сотталған адамның кәсіптік істерін жалғастыруы үшін қажетті мүкәммал (оның ішінде оқулықтар мен кітаптар); 

9) мүгедектігі бар адамдардың жүріп-тұруына арнап жасалған көлік құралдары, мүгедектігі бар адамдардың техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдары; 

10) сотталған адам марапатталған халықаралық, мемлекеттік және өзге де жүлделер.
Статья 1 ...175 176 177

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Жана Туган наресте была берсе коршимен крыла от полиции шакырам дит шакырса касакана емес екенин тусндрсем штраф салмайма егер келиспесем?



Подскажите если при получение паспорта в 2005 году не было закона об обязательном возврате паспорта в посольства РК, правомерно ли открытие административного дела на территории Казахстана в 2026 году. ведь закон обратной силы не имеет?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться