Ст. 21 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
21-бап. Пробациялық бақылау шарттары
1. Өзіне қатысты пробациялық бақылау белгіленген адам: 1) соттың үкімі немесе қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап он тәулік ішінде, ал мекемелерден босатылған адамдар босатылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға есепке қою үшін келуге;
2) жазаны өтеудің осы Кодексте белгіленген шарттары мен тәртібін және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын сақтауға;
3) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға мінез-құлқы туралы есеп беру және профилактикалық әңгімелесуге қатысу үшін келіп тұруға;
4) өзінің мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға тұрақты тұрғылықты жерінің, жұмысының немесе оқуының өзгеруі туралы жазбаша хабар беруге міндетті.
2. Сотталған адамның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган жазалаудың және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының мақсаттарына қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей