Ст. 26 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
26-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
1. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталған, есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 2. Бас бостандығынан айыруға сотталған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтарынан (ауруларынан) емделуге мұқтаж деп танылған адамдарға мекемелер сот үкімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады, оларды орындау мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдарға жүктеледі.
Ескерту. 2-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Егер бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде сотталған адамның осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген аурулардан зардап шегетіні анықталса, мекеме әкімшілігі сотқа оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыну жібереді.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталған, емделудiң толық курсынан өтпеген туберкулезбен немесе инфекциялық аурумен ауыратын адамдарға мекемелерде орналасқан медициналық ұйымдар медициналық комиссияның шешiмi бойынша мiндеттi ем қолданады.
Ескерту. 4-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға қатысты мекеме әкімшілігі оларда психикалық ауытқушылықтар мен сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділіктің бар (жоқ) екендігі туралы мәселені шешу үшін жазаны өтеу мерзімі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей сот-психиатриялық сараптама тағайындау үшін сотқа материалдарды жібереді. Осы бөліктің ережелері сотталған адамдардың есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының анықталуына байланысты соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын сотталғандарға қолданылмайды.
Мекеме әкімшілігі сот-психиатриялық сараптама нәтижесі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау, ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселелерді шешу үшін сотқа ұсыну жібереді.
Мекеме әкімшілігі соттың қаулысын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындау үшін жібереді.
Өзіне қатысты соттың шешімімен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамның мекемелерден босатылғаны туралы хабарлама босатылғанға дейін бес жұмыс күні бұрын тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына және ішкі істер органына жіберіледі.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.04.2017 № 58-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
7-тарау. ЖАЗАЛАРДЫ ОРЫНДАЙТЫН МЕКЕМЕЛЕР МЕН ОРГАНДАРДЫҢ
ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей