Ст. 31 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
31-бап. Қоғамдық бақылау
1. Қоғамдық байқау комиссиялары және ұлттық алдын алу тетігі қызметі нысанындағы қоғамдық бақылау осы Кодекстің 8 және 9-тарауларына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Мыналар қоғамдық бақылау қағидаттары болып табылады:
1) адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
2) заңдылық;
3) объективтілік;
4) азаматтардың қатысу еріктілігі;
5) жазаны орындау жағдайларын ескере отырып, іс-шаралар мен нәтижелердің ашықтығы мен айқындылығы;
6) кезеңділік пен жеделдік;
7) нәтижелерді жазбаша құжаттау міндеттілігі;
8) мемлекеттік билік органының қоғамдық бақылаудың нәтижелері бойынша жазбаша қорытынды ұсынуға ден қою міндеттілігі;
9) азаматтың қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға қатысуына байланысты оны қудалауға тыйым салу.
3. Мыналар қоғамдық бақылаудың міндеттері болып табылады:
1) жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындаудың және өтеудің нормативтік құқықтық актілері мен құқық қолдану практикасын жетілдіру кезінде қоғамдық мүдделерді ескеруге жәрдемдесу;
2) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жұртшылық үшін айқындылық деңгейін арттыру;
3) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру;
4) сотталғандардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына ықпал ететін себептерді және жағдайларды жою жөнінде шаралар қолдану;
5) жазаны орындайтын мекемелер мен органдар, сондай-ақ олардың жоғары тұрған органдары қызметінің тиімділігін бағалауға қатысу.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей