Ст. 72 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
72-бап. Белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түрiндегiжазаны орындау тәртібі
1. Педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, меншік нысандарына қарамастан, ұйымдар орындайды. 2. Белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салу туралы сот үкімін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың әкімшіліктері орындайды.
3. Қамаққа алуға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша ретінде тағайындалған, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаның орындалуын ұйымдастыруды – негізгі жазаны орындайтын мекеме немесе орган, ал негізгі жазаларды өтегеннен кейін сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
4. Жазалардың басқа түрлеріне қосымша ретінде тағайындалған, сондай-ақ жазаны өтеу кейінге қалдырылған немесе шартты түрде сотталған кезде, осы жазаның орындалуын ұйымдастыруды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі жүзеге асырады.
5. Пробация қызметі:
1) сотталғандарды есепке алуды жүргiзедi;
2) сотталған адамның сот үкiмiнде көзделген белгiлi бiр лауазымдарды атқаруға немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуға салынған тыйымды сақтауын бақылайды;
3) сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйым әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ сотталған адамға тыйым салынған қызметтiң тиiстi түрiмен айналысуға берiлген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар органдардың сот үкiмін орындауын тексередi;
4) жазаны өтеуден жалтару мақсатында жасырынып жүрген сотталғандарға қатысты бастапқы iздестiру iс-шараларын жүзеге асырады және сотқа iздестіру жариялау туралы ұсыну енгiзедi.
6. Пробация қызметіне тіркелу үшін келмеген күннен бастап он бес күннен астам тұрған жері анықталмаған сотталған адам жазаны өтеуден жасырынып жүр деп танылады.
7. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазаға сотталған адамның негізгі жаза түрін өтеп жүрген, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі оны тыйым салынған жұмыстарды орындауға тартуға құқылы емес.
Лучшие юристы





Какой алгоритм действий для добровольного обращения лицензиата к лицензиару о прекращении действия лицензии и (или) приложения к лицензии;
если заявка на погрузку 28 февраля, а отказ от погрузки от 21 февраля освобождается ли грузоотпр-ль от штрафа полностью или на 1/3?
8.6 пункт там влияет какая полоса движения или без разницы сплошная прерывистая свободная левая или правая надо заблаговременно
нас обучали и сказали при сплошной можно поворачивать даже налево или на право зависимости предназначенной для движения в данном направлении а если прерывистая надо перестроится если она свободная
несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей