Ст. 75 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
75-бап. Ұйымдар әкімшілігінің белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жаза туралы сот үкімін орындау жөніндегі міндеттері
1. Меншік нысандарына қарамастан, ұйымдар белгілі бір лауазымға кандидаттарды олардың педагог лауазымын және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салудың бар-жоғы тұрғысынан тексереді. 2. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айыру туралы сот үкiмi мемлекеттiк мекемелер әкiмшiлiгi мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары үшiн мiндеттi болып табылады.
Белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкiмi сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгi үшiн мiндеттi болып табылады.
3. Сотталған адамның жұмыс орнындағы ұйымның әкiмшiлiгi:
1) заңды күшіне енген сот үкiмiнiң көшiрмесiн не пробация қызметінің хабарламасын алғаннан кейін үш жұмыс күнінен кешiктiрмей, сотталғанды лауазымынан немесе айналысу құқығынан айырылған қызмет түрiнен босатуға, пробация қызметіне сот үкiмiнің орындалғаны туралы хабар жіберуге;
2) пробация қызметінің талап етуi бойынша жазаны орындауға байланысты құжаттарды ұсынуға;
3) сотталған адаммен еңбек шарты өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, үш жұмыс күні ішінде пробация қызметіне хабарлауға мiндеттi.
4. Ұйымдардың белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айыру түріндегі жазаны орындау туралы сот үкімін орындау жөніндегі міндеттер жүктелген, оның орындалмағанына кінәлі лауазымды адамдары заңда белгіленген жауаптылықта болады.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей