Ст. 181 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар
1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша не электрондық құжат нысанында болуы мүмкiн. Жазбаша арызға не электрондық құжат нысанындағы арызға оны берген адам осы баптың екінші бөлігінде арыз иесі туралы айтылған мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиiс.
2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабары және заңды тұлғаның арызы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі.
4. Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі жасалып, ол арыз иесінің қолымен куәландырылады.
5. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелместен, үш тәулік ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі.
6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы анонимді хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп бола алмайды.
Ескерту. 181-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 378-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





И ошибка в названии государства. Кто-то специально сделал. Жаль скрин вложить нельзя.
У вас отражается в интернете "Ресупблики", вместо "Республики", над ссылкой на сайт.
После решения суда 2004 года банк подал сведения в 2017 году в первое кредитное бюро по этому решению и последний в моей кредитной истории указал эту задолженность без дополнительного обращения судебному исполнителю это законно
Добрый день! Подскажите пожалуйста сделали Соглашение о задатке. Но в соглашении указан срок оплаты остальной суммы на момент заключения основного договора купили-продажи, но в срок Задаткополучатель не предоставил договор-купли продажи. Является ли этот срок прекращением этого соглашения? Если да, то Задаткодатель имеет ли право обращаться в суд для возврата оплаченного задатка?
Здравствуйте, если кассация отменила обвинительный приговор и отправило дело на повторное рассмотрение, при это человек отбывает наказание 5 месяцев в Учереждение средней безопасности, должны ли его освободить и есть ли на это сроки установленные законом ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей