Ст. 577 ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi
577-бап. Мүлікті іздестіру, оған тыйым салу және оны тәркілеу
1. Құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) негізінде Қазақстан Республикасының құзыретті органдары қылмыстық жолмен алынған мүлікті, ақша мен құндылықтарды, сондай-ақ күдіктілерге, айыпталушыларға немесе сотталған адамдарға тиесілі мүлікті анықтау және оған тыйым салу мақсатында осы Кодексте көзделген процестік әрекеттерді жүргізеді. 2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген мүлікке тыйым салынған кезде сот осы мүлікке қатысты шешім қабылдағанға дейін оны сақтау мақсатында қажетті шаралар қамтамасыз етіледі, бұл туралы сұрау салушы тарапқа хабарланады.
3. Табылған мүлік сұрау салушы тараптың сұрау салуы бойынша:
1) осы Кодекстің 573-бабының талаптары сақтала отырып, оған тыйым салынуы және қылмыстық іс жүргізу бойынша дәлелдеме ретінде немесе иесіне қайтару үшін сұрау салушы тараптың құзыретті органына берілуі мүмкін;
2) егер бұл сұрау салушы тарап сотының заңды күшіне енген үкімінде немесе өзге де шешімінде көзделсе, тәркіленуі мүмкін.
Сұрау салушы тарап сотының мүлікті тәркілеу туралы үкімін немесе өзге де шешімін тану осы Кодекстің 608-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес тыйым салынған мүлік сұрау салушы тарапқа берілмейді немесе бұл мүлік Қазақстан Республикасында азаматтық немесе қылмыстық істі қарау мақсатында қажет болса, оны беру кейінге қалдырылуы немесе ол уақытша берілуі мүмкін немесе ол заңда көзделген өзге де негіздер бойынша шетелге шығарылмауы мүмкін.
5. Осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлік осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген жағдайлардан басқа кезде, Қазақстан Республикасының кірісіне беріледі.
6. Қазақстан Республикасы орталық органының өтінішхаты бойынша сот осы баптың үшінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес тәркіленген мүлікті, сондай-ақ оның ақшалай баламасын:
1) қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды жәбірленушіге өтеу үшін тәркілеу туралы шешім қабылдаған сұрау салушы тарапқа;
2) тәркіленген мүлікті немесе оның ақшалай баламасын бөлу мәселесін реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Лучшие юристы





Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей