Ст. 3 ҚР Су Кодексi 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII ҚРЗ
ҚР Су Кодексi
3-бап. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қоршаған ортаны сақтау үшін су пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және сол деңгейде ұстап тұру болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бассейндік қағидат негізінде су қорын басқару және қорғау, сондай-ақ су ресурстарын интеграцияланған басқаруды дамыту;
2) су үнемдеудің жалпыұлттық саясатын қалыптастыру және дамыту;
3) су қатынастары объектілерінің құқықтық мәртебесін бекіту;
4) су қорын қорғау және пайдалану кезінде су қатынастары субъектілерінің құзыретін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін бекіту;
5) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды басқару, пайдалану және дамыту кезінде су қатынастары субъектілерінің құзыретін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін бекіту;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласында ғылымды дамыту және мемлекеттік басқаруға ғылыми негізделген тәсілді қолдануды қамтамасыз ету (жоспарлау, есепке алу, мониторингтеу, нормалау, сараптау);
7) су қатынастары субъектілерінің қызметін реттеу, су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
8) су қорын қорғау және пайдалану саласында сұранысты басқарудың экономикалық тетіктерін бекіту;
9) су қорын қорғауды қамтамасыз ету;
10) елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру саласындағы қызметті реттеу, технологиялық тиiмдiлікті арттыру, тазартылған сарқынды суларды пайдалану есебінен су үнемдеуді қамтамасыз ету;
11) суды үнемдеу технологияларын және цифрлық технологияларды ендіре отырып, ирригация мен дренажды дамыту;
12) Қазақстан Республикасы экономикасының су секторын климаттың өзгеруіне бейімдеу;
13) трансшекаралық су объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негіздерін бекіту.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей