Ст. 90 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481
ҚР Су Кодексi
90-бап. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын ауызсумен жабдықтау үшiн пайдалану
Ескерту. 90-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 15.06.2015 № 322-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 1. Ауызсумен жабдықтау үшiн олардағы судың сапасы белгiленген ұлттық стандарттарға және гигиеналық нормативтерге сәйкес келетiн, ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер үстi және жер асты су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстары берiледi.
2. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау жағдайына арнап халықты ауыз сумен жабдықтауға жарамды сумен қамтамасыз ету үшiн ластану мен қоқыстанудан қорғалған жер асты су объектiлерiнiң негiзiнде ауыз сумен жабдықтау көздерiн резервтеу жүзеге асырылады. Резервтелген сумен жабдықтау көздерiнде Қазақстан Республикасының су заңдары мен өзге де заңдарына сәйкес оларды қорғаудың және жай-күйiн бақылаудың арнайы режимi белгiленедi.
3. Ауызсумен жабдықтауға арналған жер үстi және жер асты суларының қауiпсiздiгiн халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
4. Су объектiсiн ауыз сумен жабдықтау көздерiне жатқызу халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен оның сенiмдiлiгi және санитариялық қорғау аймақтарын ұйымдастыру мүмкiндігi ескерiле отырып жүзеге асырылады.
5. Ауызсумен жабдықтау үшін жарамды жерасты суларын, сумен жабдықтаудың өзге көздері болмаған және осы жерасты сулары ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылмайтын жағдайларды қоспағанда, өзге мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
6. Алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
7. Қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде сумен жабдықтауды осы аумақтардың әкiмдерi ұйымдастырады.
Қалалық және ауылдық елді мекендердегі ауызсудың сапасына мемлекеттік бақылауды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі жүзеге асырады.
Ескерту. 90-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.04.2016 № 506-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте, учитывается ли обучение в средних специальных учебных заведениях(колледже), в трудовой книжке(стаже работы)?
Мой муж умышленно разбил все окна, просто превратил в металлолом машину моего брата. Как наказывают таких придурков?
Здравствуйте у меня два штрафа висят с 2020 того года административных что делать как быть
Здравствуйте я купил скутер в каталоге было комплекты но когда пришла сам скутер комплект не было и еще она не заводится 3,000км гарантия есть но я уже не хочу этот имущества что делать?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей