Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.04.2024

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
7-бап. Жеке басты куәландыратын құжаттарға қойылатын талаптар

1. Жеке басты куәландыратын құжаттар мынадай деректерді:

1) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

2) туған күнін, айын, жылын және жерін;

3) туу туралы куәлікті қоспағанда, жынысын;

4) қай ұлтқа жататынын – осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;

5) туу туралы куәлікті қоспағанда, азаматтығын;

6) туу туралы куәлікті қоспағанда, фотосуретін;

7) құжатты берген органның атауын;

8) туу туралы куәлікті қоспағанда, құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;

9) туу туралы куәлікті қоспағанда, құжаттар иесінің қойылған қолын қамтиды.

2. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар жеке сәйкестендіру нөмірін қамтиды.

2-1. Осы Заңның 6-бабы 1-тармағының 1) – 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттар "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген жағдайларда құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.

3. Жеке басты куәландыратын құжаттарды уәкілетті мемлекеттік орган қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде толтырады.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты және азаматтығы жоқ адамның куәлігі қазақ тілінде немесе иесінің қалауы бойынша орыс тілінде, сондай-ақ ағылшын тілінде толтырылады.

Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты, Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі, жол жүру құжаты қазақ және ағылшын тілдерінде толтырылады.

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться