Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
8-бап. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты

1. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға жасына қарамастан, олардың қалауы бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландырады.

2. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына мынадай жазбалар мен белгілер:

1) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 № 272-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
3) шет мемлекеттің визасы;

4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі құрылымдық бөлімшесінің шекараны кесіп өту туралы белгісі енгізілуі мүмкін.

3. Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы азаматының паспортына қоятын белгілер мөртабандармен ресімделеді, олардың нысанын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары және Ұлттық қауіпсіздік комитеті белгілейді. Қазақстан Республикасы азаматының паспортына осы Заңда көзделмеген жазбалар мен белгілерді қоюға және енгізуге тыйым салынады.

4. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – он жыл, ал он екі жастан төмен жастағы балаларға бес жыл қолдану мерзіміне беріледі.

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться