Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Прокуратура туралы 2022 жылғы 5 қарашадағы № 155-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

Прокуратура туралы
7-бап. Бас прокуратура

1. Бас прокуратураны Бас Прокурор басқарады. 

2. Бас прокуратура:  

1) прокуратура органдарының функцияларды тиімді орындауын қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдарына жүктелген функциялар мен өкілеттіктер шегінде олардың қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді; 

2) заңдардың қолданылуын, заңдылықтың жай-күйін қадағалау практикасын, оның ішінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланған ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтерді пайдалана отырып талдайды; 

3) прокуратура органдарының қызметін жетілдіреді; 

4) нормашығармашылық қызметке қатысады;  

5) шет мемлекеттердің құзыретті органдарында және халықаралық ұйымдарда қылмыстық қудалау мәселелері бойынша, шетелдік және халықаралық соттарда (төреліктерде) прокуратураның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекет мүдделерін білдіреді, халықаралық шарттар жасасады, қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық шарттардың жобаларын келіседі; 

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді, оның ішінде жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 

7) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...48

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться