Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 107 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Бюджет кодексi
107-бап. Республикалық бюджетті нақтылау

1. Республикалық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің және(немесе) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. 

1-1. Республикалық бюджетті нақтылау ағымдағы қаржы жылы ішінде бір рет жүзеге асырылады.  

Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық бюджетті қайтадан нақтылауға: 

1) республикалық бюджеттің түсімдері ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға кеміген немесе ұлғайған; 

2) республикалық бюджеттің шығыстары ағымдағы қаржы жылында олардың бекітілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға күтілетін игерілмеген жағдайларда жол беріледі. 

1-2. Осы баптың 1-1-тармағында көрсетілген ережелер осы Кодекстің 10-бабының 4-тармағында, 20-бабының 5-тармағында, 106-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған жағдайларда республикалық бюджетті нақтылауға қолданылмайды. 

2. Республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі ұсыныстардыРеспубликалық бюджеттік комиссия қарайды. 

3. Республикалық бюджетті нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген республикалық бюджетті әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады. 

4. Республикалық бюджет комиссиясының ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы ұсынысын ескере отырып, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілері бес жұмыс күні ішінде: 

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламаларының жобаларын; 

бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және өзгерістер енгізу көзделетін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімді ұсынады. 

4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді. 

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

5. Алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысын ескере отырып, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бес жұмыс күні ішінде нақтыланған республикалық бюджеттің жобасын жасайды және оны Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. 

7. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджет комиссиясының нақтыланған республикалық бюджеттің жобасы бойынша ұсынысының негізінде он жұмыс күні ішінде республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ұсынады. 

Ескерту. 107-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...105‑1 106 107 108 109 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 107-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV