Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 109-1 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.12.2018

ҚР Бюджет кодексi
109-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау

 1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін оның атқарылуы барысында нақтылау осы Кодекске сәйкес тиісті әкімдердің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ауданның атқарушы органының және (немесе) аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаты депутаттарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады.
 
2. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау жөніндегі ұсыныстарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің аппараттары, тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясы қарайды.
 
3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау кезінде осы Кодексте белгіленген аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін әзірлеу мен бекіту кезіндегі талаптар сақталады.
 
4. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттерін нақтылау аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетті нақтылауға байланысты жүргізілген жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті шешімі аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қаулысы қабылданғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей қабылданады.
 
Ескерту. 19-тарау 109-1-баппен толықтырылды - ҚР 11.07.2017 № 90-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 1 ...108 109 109‑1 110 111 ...245

Перейти к статье






Добавить комментарий к 109-1-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV