Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР Бюджет кодексi
14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)



Ст. 14 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). 

1. Қарыздарды өтеудi қоспағанда, республикалық немесе мемлекеттік бюджет шығыстарын шегергендегі республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті) қарыздар түсімдері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан трансферттер түсімдерін алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджет түсімдерінің сомасына тең. 

2. Мұнайға қатысты емес тапшылық бекітілмейді және талдамалық мақсатта пайдаланылады. Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы дамыту есебінен ұзақ мерзімді кезеңде мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері кемітілуге тиіс. 

Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.24 N 495-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.


Статья 1 ...12 13 14 15 16 ...245 

Перейти к статье
Скачать бесплатно Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 14-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV