Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Бюджет кодексi
196-бап. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талаптарының тоқтатылуы және кепілдіктің тоқтатылуы



Ст. 196 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV



1. Кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талабы қарыз алушы кредиттік шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындаған кезде, қарыз алушы мен кредитор бір тұлға болғанда не қарыз алушы - заңды тұлға таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес немесе сот актісінің негізінде тоқтатылады. 

2. Кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптары қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда республикалық бюджет туралы заңның негізінде тоқтатылады. 

3. Қарыз алушы - заңды тұлға таратылған жағдайда кредитордың бюджеттік кредитті өтеу жөніндегі талабының тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттемелердің орындалуын бағалау жөніндегі алдын ала рәсімдер жүргізілгеннен кейін: 

1) республикалық бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша - республикалық бюджет туралы заңның негізінде; 

2) жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша - мәслихаттың шешімі негізінде жүзеге асырылады. 

4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген, таратылған қарыз алушылардың берешегі, сондай-ақ кредитордың талап қоюын қанағаттандырудан бас тарту немесе ішінара қанағаттандыру туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде талаптар тоқтатылған қарыз алушылардың берешегі кредитордың есептен шығаруына жатады. 

5. Алып тасталды - ҚР 02.07.2014 N 225-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Ескерту. 196-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2014 N 225-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

41-тарау. БЮДЖЕТТІК КРЕДИТТЕР БОЙЫНША БАҚЫЛАУ, МОНИТОРИНГ, ЕСЕПКЕ АЛУ


Статья 1 ...194 195 196 197 198 ...245

Перейти к статье







Добавить комментарий к 196-бап ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV