Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 225-2 ҚР Бюджет кодексi 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

ҚР Бюджет кодексi
225-2-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру шарттары

1. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде беріледі. 

2. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік республикалық бюджет туралы заңда белгіленген лимит шегінде беріледі. 

Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру лимитін айқындауға арналған соманы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік беру экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компанияның Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын осы Кодекстің 225-6-бабының негізінде қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

4-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Мемлекеттік кепілдікті беру үшін экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компаниядан мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 пайызы мөлшерінде алдын ала біржолғы төлемақы (алым) алынады. 

5. Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім ресімделгеннен және тіркелгеннен кейін жүзеге асырылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6. Мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім білдірілген өкіл (агент) және экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания арасындағы, тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарын белгілейтін келісім болып табылады. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7. Экспортты қолдау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұлттық компания экспортты қолдау бойынша қолданыстағы мемлекеттік кепілдік шеңберінде республикалық бюджеттен бұрын бөлінген қаражат бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ол бойынша республикалық бюджеттен келесі сомаларды беруге жол берілмейді. 

Ескерту. 225-2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...225 225‑1 225‑2 225‑3 225‑4 ...245

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?


Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.


Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть


дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться